7.05.2021, 11:43
Оқылды: 276

Оралда зияткерлік білім сайысы өтті

6 мамыр күні Орал қаласының білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен «Ұлы Жеңістің ұлы есімдері» атты зияткерлік білім сайысы өтті. Оған Теректі, Тасқала, Бәйтерек және Орал қаласының командалары қатысты.

б1

Байқаудың мақсаты – Ұлы Отан соғысында Батыс Қазақстан облысынан шыққан батырларларды дәріптеу, көрсеткен ерліктерін насихаттау. Сондай-ақ жас ұрпақтың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру және білім көкжиектерін кеңейтуге бағытталды. Пандемияға байланысты білім додасы zoom платформасында ұйымдастырылды.

Сайыс үш кезеңді қамтыды. «First step» аталған бірінші турда қатысушы әр топ тест түріндегі жеті сұраққа жауап берді. Екінші кезең – «Блиц криг» деп аталды. Бұл кезеңде әр топқа 10 сұрақтан қойылып, олардың шекті уақытқа жауап беруі назарға алынды. Ал қорытынды кезең – «Білгірлер» кезеңінде командалар тақырып бойынша ұпайларға бекітілген сұрақтарды таңдады. Мұнда Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі тарихи оқиғалар, тарихи орындар, маңызды күн және әскери операцияларға байланысты сауалдар қойылды.

б2

Тартысты өткен білім додасында Теректі ауданы білім беру бөлімінің «Білімді  ұрпақ» командасы алға шығып, зияткерлік сайыстың жеңімпазы атанды.

Орал қаласы білім беру бөлімінің «Алаш» командасы, Тасқала ауданы білім беру бөлімінің «Білгірлер» тобы және Бәйтерек ауданы білім беру бөлімінің «Білім тарландары» командасы да жақсы нәтиже көрсете білді.

Шараны қорытындылаған қалалық білім беру бөлімінің әдіскері Тұрсын Теміршеева білім бәйгесіне қатысқан оқушыларға алғыс айтты.

Жеңімпаздар мен қатысушылар Орал қаласы білім беру бөлімінің дипломы және алғыс хатымен марапатталды.

 

Орал қаласы білім беру бөлімінің

баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале