12.02.2024, 16:45
Оқылды: 28

Оралдағы 5517 әскери бөлімінде тақырыптық кеш өткізілді

Оралда орналасқан Қазақстан Республика Ұлттық ұланының 5517 әскери бөлімінде Ауғанстаннан кеңес әскерлерінің шығарылған күніне 35 жыл толуына орай «Ауғанстан менің жанымның азабы» атты тақырыптық кеш өткізілді.

WhatsApp Image 2024-02-12 at 16.15.27

Ұйымдастырылған шара ардагерлеріміздің құрметіне арналған патриоттық ән шашудан басталды.

Бұл шараға құрметті қонақтар ретінде Ауған соғысының ардагерлері Сергей Пунгин және Талғат Ниязов қатысты.

dfa66883-1f1e-4e64-b4e7-05753efa17be

Кеш барысында Ауған ардагерлері жас сарбаздарға өздерінің бастан кешкен оқиғаларын бөлісіп, көкейтесті сұрақтарына жауап берді.

ҚР ҰҰ «Батыс» ӨңҚ баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале