29.05.2026, 11:30
Оқылды: 30

Оралдағы Ұлттық ұлан әскер қатарында кәсіби футболшы қызмет етіп жүр

Атыраулық жас футболшы Олег Фофонов бүгінде Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Орал қаласында орналасқан 5517 әскери бөлімінде мерзімді әскери қызметін өткеріп жүр.

WhatsApp Image 2026-05-29 at 12.05.00 (1)

Спортшы бала кезінен футболмен айналысқан. Ол алты жасында Атырау қаласындағы «Арсенал» футбол клубында алғашқы жаттығуын бастап, бірнеше жыл бойы түрлі жарыстарға қатысып, өзінің спорттық мансабында алматылық «Қайрат», «Ақтөбе», «Ақжайық» секілді танымал командалармен кездесіп, тәжірибе жинақтағанын айтады.

WhatsApp Image 2026-05-29 at 12.05.01
Оның айтуынша, спорт арқылы қалыптасқан тәртіп пен төзімділік әскери қызмет барысында үлкен көмегін тигізуде.
— Әскер — үлкен өмір мектебі. Мұнда адам физикалық тұрғыдан ғана емес, рухани жағынан да шыңдалады. Спорт маған әскери ортаға тез бейімделуге көмектесті. Қызмет аяқталған соң үлкен футболға қайта оралып, кәсіби мансабымды жалғастыруды жоспарлап отырмын, — дейді Олег Фофонов.

WhatsApp Image 2026-05-29 at 12.05.00
Қазіргі таңда жас сарбаз жауынгерлік дайындықпен айналысып, әскери тәртіпке бейімделіп келеді. Әскери бөлім басшылығының мәліметінше, ол қызмет барысында жауапкершілігімен және жоғары физикалық дайындығымен ерекшеленуде.
Айта кетейік, Ұлттық ұлан сапында спортпен кәсіби айналысқан жастар аз емес. Әскери қызмет олардың бойындағы тәртіп пен табандылықты одан әрі нығайтып, болашақ мақсаттарына сенімді қадам жасауына мүмкіндік береді.

ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының
баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале