19.03.2023, 7:32
Оқылды: 49

Оралдағы Ұлттық ұлан әскери бөлімінде дауыс беру ерте басталды

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланның Орал қаласында орналасқан 5517 әскери бөлімінде дауыс беру сағат 06.00-де басталды. Әскери қызметшілер аталмыш шараны маңыздылығы мен жоғары жауапкершілігін ұғына отырып, сайлауаға белсене қатысуда. Әскери қызметшілердің басым бөлігі сайлауға алғаш рет қатысып отыр.

fc3bef34-fecd-4ec2-b3b4-7cc0a034db84

Солардың бірі - күзгі шақырылымда Алматыдан келген қатардағы жауынгер Аян Нұрболатұлы Бірліков.

b570aaa2-91f6-433d-915f-81a7b328e2b2

       -Бүгін мен өмірімде алғаш рет сайлауға қатысып, таңдауымды жасадым. Бұл сайлаудың мақсаты елімізді дамыған елдердің қатарына қосу жолына үлес қосатын  халық қалауларын таңдау. Болашақ үміткерлер арасында ел үшін еңбек ететін, халық мүддесін қорғайтын тұлғалар болуын қалаймын. Жастардың жағдайын жасап, олардың жұмысқа орналасуына, пәтер алуына тағы да басқа мүмкіндіктеріне көмектеседі деп сенемін. Үміткерлердің арасында жастардың көп болуын қалаймын. Өйткені ел басқару, заң шығару ісіне олардың қазірден араласып, ысыла бергендері дұрыс деді, - Аян.

Айта кетейік, әскери бөлімде дауыс беру белсенді және барлық ереже сақтала отырып жүргізіліп жатыр.

Ұлттық ұланның Оралдағы

баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале