3.02.2025, 11:45
Оқылды: 166

Оралдық «Бүркіт» арнайы жасағының командасы Дубайда өтіп жатқан «The UAE SWAT Challenge 2025» VI халықаралық жарысына қатысуда.

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Орал қаласында орналасқан «Бүркіт» арнайы жасағының командасы Дубайда өтіп жатқан «The UAE SWAT Challenge 2025» VI халықаралық жарысына қатысуда. Турнир 1 ақпанда басталып, 5 ақпанға дейін жалғасады. Жарысқа әлемнің түкпір-түкпірінен 100-ден астам команда қатысып жатыр.

WhatsApp Image 2025-02-03 at 12.53.40

WhatsApp Image 2025-02-03 at 12.53.40 (1)

WhatsApp Image 2025-02-03 at 12.53.48

Қатысушылар тактикалық жаттығулар, шабуылдық тапсырмалар, кедергілер жолағы, жаралы сарбазды құтқару және мұнараларға өрмелеу сияқты қиын сынақтардан өтеді.

Аталмыш жарыс 5 ақпанда аяқталып, жеңімпаз командарал анықталатын болады.

ҚР Ұлттық ұланы “Батыс” ӨңҚ баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале