2.04.2021, 17:24
Оқылды: 207

Оралдық оқушылар төртінші тоқсанда қалай оқиды?

1 сәуір Қазақстанның барлық аймағындағы мектептерле IV оқу тоқсаны басталды. Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің қаулысына сәйкес, балалар аралас форматта оқуға баруда.

 оқ1

Орал қалалық білім бөлімінің мәліметінше, қаладағы 51 мектепте 34334 оқушы дәстүрлі түрде, ал 1-5 сыныптың 1848 оқушысы ата-аналарының өтінішіне сәйкес қашықтан оқиды.

Оқушылар негізгі пәндерді дәстүрлі, қалған пәндерді қашықтан оқи береді. Мәселен, музыка, көркем еңбек, информатика, құқық негіздері, графика және жобалау, кәсіпкерлік және бизнес негіздері пәндерді қашықтан оқуға мүмкіндік алды. Ал дене шынықтыру сабақтарын таза ауада өткізіледі.

оқ2

Қазіргі таңда 1-5 сыныптарда жалпы 30086 оқушы болса, оның 28238 оқушысы штаттық режимде оқып отыр, ал қалғандары ата-аналарының өтініші бойынша онлайн форматта оқиды. 6, 7, 8, 10 сынып оқушылары онлайн форматта «онлайн мектеп» платформасы арқылы білім алуды бастады.  9, 11 сыныптың 6096 оқушысы аралас форматта білім алуда.

Мектептерде барлық санитарлық талаптар сақталып, оқу үрдісі ұйымдастырылуда. Атап айтқанда, мектептерде медицина қызметкерлері барлық қызметкерлермен білім алушылардың денсаулық жағдайына бақылау жүргізеді (термометрия, ғимаратқа кіре берісте қолды антисептикпен өңдеу, аяқ киімнің табанын өңдеу, аяқ киімді ауыстыру).

Барлық мектептерде санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын мектеп әкімшілігі қадағалайды. Сонымен қатар мектептерде кезекшілік ұйымдастырылып, медициналық қызметкермен бірге  температураны байланыссыз термометрмен өлшеп, персоналға нұсқау беріп, жеке қорғану құралдарын уақтылы ауыстырып, дезинфекциялап, жуу және антисептикалық құралдардың қажетті қорын қадағалап, нұсқаулық, термометрия  журналын жүргізеді.

оқ3

Барлық үй-жайларды дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, кіші қызметкерлер есік тұтқаларын, сантехника жабдықтарын күніне кемінде 2 рет ылғалды жинайды.

Оқушылар мен персоналдың қолдарын өңдеу үшін әр қабатта, әр сыныпта, санитарлық тораптарда қолжетімді жерлерде тері антисептигі қойылды, диспенсерлер және лас маскаларға арналған таңбаланған сыйымдылықтар орнатылды. Әр ауысымда бір-бірінен 1,5 метрден кем емес қашықтықта 1 парта 1 балаға бекітілген. Сыныптарда, сондай-ақ жалпы мектеп ғимаратында қашықтық сақтауға арналған белгілер салынды.

Барлық мектептерде сабақ кестелері құрылып, екі ауысымда кесте бойынша сабақ жүргізілуде.

2020 жылғы 1 мамырдағы облыс әкімінің орынбасары А.Нұралиевтің төрағалық етуімен коронавирус инфекциясының алдын алу бойынша өткен кеңес хаттамасының 4-ші тармақшасын орындау мақсатында қаланың білім беру ұйымдарында қашықтықтан оқыту мен кезекші топтарындағы оқу үрдісі кезінде санитарлық-талаптардың сақталуына зерделеу жүргізу үшін мониторингтік топ құрылған.

Мониторингтік топ апта сайын мектеп және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында санитарлық талаптардың сақталуын зерделеп, нәтижесі талданып, ескертулер бойынша түзету жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар мониторинг топ жұмысының нәтижесі білім басқармасына жолданады.

 

                            Батыс Қазақстан облыстық

білім басқармасының баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале