8.05.2024, 14:30
Оқылды: 42

Оралдық ұландықтар Ұлы отан соғысының ардагерін Жеңіс күнімен құттықтады

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Орал қаласында орналасқан 5517 әскери бөлімінің әскери қызметкерлері Ұлы Отан соғысының ардагері Вениамин Скаленконы Жеңіс күнімен құттықтады.

IMG-20240508-WA0033

Сондай-ақ, әскери бөлім атынан ардагерге естелік сыйлықтар мен алғысхат табыс етілді.

IMG-20240508-WA0032

Құттықтау барысында "Батыс" өңірлік қолбасшылығының тәрбие және әлеуметтік- құқықтық жұмыстар басқармасының бастығы полковник Кульбаев Жандос Жамалұлы ардагерге зор денсаулық пен ұзақ ғұмыр тіледі, сондай-ақ соғыс жылдарында көрсеткен табандылығы мен батылдығы үшін алғысын білдірді.

IMG-20240508-WA0031

Өз кезегінде Вениамин Скаленко өзінің майдандағы естеліктерімен бөлісіп, өзінің жауынгерлік жолы туралы айтып, соғыс жылдарында қатар соғысқан жолдастарын еске алды.

IMG-20240508-WA0034

Құттықтау соңында 5517 әскери бөлімінің әскери оркестрі "Жеңіс күні" музыкалық композициясын, сондай-ақ соғыс кезіндегі басқа әндерді орындады.

ҚР ҰҰ «Батыс» ӨңҚ

баспасөз қызметі

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале