13.12.2023, 12:15
Оқылды: 168

Оралдық ұстаз республикалық байқауда топ жарды

Орал қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Зәмзәгүл Тәжіғалиева республикалық «Үздік авторлық бағдарлама» байқауында 2-орынға ие болды.

 b42bfb6d-a11c-4a4a-b30b-cdd75a005999

Білім беру мазмұнын жаңартуға және жетілдіруге бағытталған байқаудың мақсаты – оқу пәндерінің, элективті және арнайы курстардың және пәндер бойынша таңдау курстарының авторлық бағдарламаларын құратын үздік мұғалімдерді анықтау, озық жұмысты көпке таныту.

ҚР Білім және ғылым министрлігі «Дарын» РҒПО ұйымдастырған сайысқа 180-ге жуық педагог сынға түсті.

Елорда төрінде өткен сайыста елдің әр түкпірінен келген тәжірибелі ұстаздарды республикаға танымал ірі ғалымдар бағалады. Зәмзәгүл Тілепбергенқызы «Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша олимпиадаға даярлық» (Н. Оразахынованың «Сатылай кешенді оқыту технологиясы негізінде») атты элективті курс бағдарламасын ұсынып, үздік ұстаздар тұғырынан көрінді.

af755ec4-e46a-446f-8fa0-e55a9e12bc3d

Айта кетейік, аталған ауқымды ұстаздар байқауында NIS желісі мұғалімдерінің барлығы жүлделі орындарды еншіледі.

Орал қаласы Назарбаев Зияткерлік

мектебінің баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале