16.12.2020, 18:17
Оқылды: 311

Оралдықтарға мерекелік көңіл күй сыйлады

Бүгін Орал қаласының  мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі Жастар мәдениет үйінің ұйымдастыруымен Тәуелсіздік мерекесіне орай шаһардың № 4, 6, 7 ,9 шағын аудандарында көшпелі мерекелік концерт өткізілуде. 

Конц1

Халыққа мерекелік көңіл күй сыйлап, жастардың өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, патриоттыққа тәрбиелеуді мақсат еткен шара Желаев, Круглоозерный, Деркөл шағын аудандарында да ұйымдастырылуда.

Қаланың шағын аудандарындағы мерекелік концерттік бағдарламада Жастар мәдениет үйінің әншілері Ақмарал Ахметова, Тарас Жауынбаев, Бибігүл Берекетова, Әсел Қажымова, Болат Өтешев, Рустам Хафизов, Римма Нұрсұлтанова, Азат Қабиев, Рүстем Кереев, Аэлита Ерсайнова, Омар Хибашев, Аслан, Жасұлан Зинеденовтер, Назира Хибашева сынды өнер көрсетуде. Сондай-ақ Деркөл мәдени-демалыс орталығының өнерпаздары Ерболат Исмурзин, Аман Мырзағалиев, Дінмұхаммед Шамұратов, Абай Серіков, Гүлзада Балтөреева, Кенжегүл Қуанаевалар аталған шараларға өз үлестірін қосуда.

конц2

Мереке күні отбасыларынан жырақ жүріп, халыққа тамаша көңіл күй сыйлаған облыс өнерпаздарына шағын аудан тұрғындары ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын айтты.

Нұрбек Оразаев,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале