31.05.2019, 14:55
Оқылды: 517

Оралдың кәріз жүйесіндегі сапасыз құбырлар толық ауыстырылады

Кеше қаланың сусыз қалған аумақтарындағы тұрғындарға 30 мың текше метр су жеткізіліп берілген. Төрт су таситын көлікпен кеше – 6, бүгін 7 жерде халыққа су таратылуда.

su1

-Кеше апат орнынан 5,5 мың текше метр кәріз суы сорылды. Қажетті құрылыс материалдары жеткізілді. Қазір құбырларды дәнекерлеу жұмыстары атқарылуда. Жарылған құбырдың материалы – әйнекпластик , диаметрі – 800 миллиметр. Бұл құбырлар 2009 жылдан бері қолданыста, сапасыз болып шықты. Былтыр Шолохов көшесінде де осындай жағдай орын алды. Бұл құбырларды ауыстыруға жобалық құжаттама жасалды, толықтай ауыстыруға байқау жарияланды. Құбыр полиэтиленге алмастырылады, - дейді Орал қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Миржан Нұртазиев.

su

Нұрлыбек Рахманов,

сурет пен видео: Динара Киндербаева

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале