17.04.2024, 18:15
Оқылды: 44

Оралға Алматы облысынан 71 техника келді

Оралға Алматы облысынан техника келіп, су тасқынымен күресуге кірісті. Техникадан бірге көмекке мамандар мен жүргізушілер де келді.

WhatsApp Image 2024-04-17 at 17.40.04 (1)

–Бірнеше өңірді су басқаны белгілі. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Батыс Қазақстан облысына көмек жолдауды тапсырды. Күш-жігерді біріктіре отырып, Кәсіпкерлер, кәсіпорындар, облыс тұрғындары, сондай-ақ өңір әкімдігі Орал қаласына 51 техника жіберді. Бүгін кешке тағы 20 бірлік техника келеді. Олардың ішінде экскаваторлар, су тасығыштар, ассенизаторлар, тиегіштер, тракторлар, Камаздар, самосвалдар, катапиллер, бульдозерлер, манипуляторлар мен қайықтар бар, – деді Алматы облысы жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы Ғалым Тоқпейісов.
Келгендердің арасында "Балқаш жолдары" ЖШС қызметкері Ерназ Сансызбаев та бар.

WhatsApp Image 2024-04-17 at 17.40.04

- Бізге көмектесу керек дегенде, мен ойланбастан келістім. Екі вагонмен 50-ге жуық адам келді. Біз бөгеттерді, жағалауды нығайту және басқа да жұмыстарды атқаратын боламыз. Су тасқыны аяқталғанша жұмыс істейміз, – деді Е. Сансызбаев.

Жәдігер Саламат, 

Фото авторы: Замир Габдрахманов

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале