11.09.2020, 21:02
Оқылды: 189

Оралға "Біздің Бейсен" кітабы жетті

Елімізге танымал тележүргізуші, көптеген телевизиялық жобалардың авторы, ел жүрегіне жақын жан бола білген марқұм Бейсен Құранбек туралы "Біздің Бейсен" атты кітап жарық көрген болатын.

бббб

Аталмыш кітапты құрастырушылар арқылы Орал қаласына жеткен кітапты Қадыр Мырза Әли атындағы мәдениет және өнер орталығының директоры Бауыржан Халиолла орталық музейіне, сондай-ақ мекемедегі кітапханаға тапсырды.

- Бар ғұмырын еліне, журналистикаға арнаған Бейсен ағамыздың есімі еш уақытта ұмытылмақ емес. Ел үшін сіңірген еңбегі өлшеусіз. Оның «Айтуға оңай», «Қарекет» атты бағдарламалары елге етене таныс. Марқұмның елге сіңірген еңбегі жайлы жазылған кітапты батысқазақстандықтардың жылы қабылдары сөзсіз.

Кітап 1

Аталмыш еңбек орталық арқылы қаламыздағы ірі кітапханаларға таратылады, - дейді Қадыр Мырза Әли атындағы мәдениет және өнер орталығының әкімгері, танымал айтыскер ақын Бекболат Қаленов.

Айта кету керек, кітапта белгілі журналист, ел үшін елеулі қызмет атқарған арда азамат марқұм Бейсен Құранбектің дүниеден өтуіне байланысты жазылған естеліктер, көңіл айту жеделхаттары, елімізге белгілі ақындардың арнау жырлары топтастырылған.

Кітап жалпы оқырман қауымға арналған.

 

Ертай Бимұханов,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале