5.05.2023, 16:15
Оқылды: 156

Оралға еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-миниcтрі Ербол Оспанов келді

Әлеуметтік саясат бүкіл әлемдегі саяси өрістің негізгі ағынына айналуда. Бұл саланың басты міндеті – халықтың осал топтарын қамқорлыққа алу ,азаматтардың негізгі құқықтарын қамтамасыз ету. Бұл әсіресе көпбалалы отбасылар, жалғызбасты ата-аналар, мүгедектер, қарттар, түрмеден шыққандар және басқа да санаттағыларға қатысты. Еліміздегі осы бағыттағы саясатты ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жүргізеді.
Бүгін облысқа келген вице-министр Ербол Оспанов бірнеше әлеуметтік нысанды аралады.

WhatsApp Image 2023-05-05 at 17.18.37
Алдымен вице-министр "Қамқор" белсенді ұзақ өмір орталығының жұмысымен танысты. Орталық осыдан бір ай бұрын ашылған болатын.

-Күніне орталыққа 40-50 адам келеді. Олар қазақ, орыс, ағылшын, араб тілдерін үйреніп жүр. Одан бөлек психолог жұмысы ұйымдастырылған. Сурет үйірмесі, иога сабағы, емдік дене шынықтыру, дойбы, шахмат ойындары ұйымдастырылады, - дейді орталық жетекшісі Айгүл Хасанғалиева.

Орталық жұмысымен танысқан вице-министр Ербол Оспанов зейнеткерлермен сөйлесіп, оларды алдағы мерекелерімен құттықтады.

WhatsApp Image 2023-05-05 at 17.20.04

- Сіздер бұрын жұмыс деп, бала деп өздеріңізге уақыт бөле алмадыңыздар. Енді міне, зейнетке шығып сіздер өздеріңіз қалаған спорт түрімен, өнермен айналысуға мүмкіндік алып отырсыздар. Біздің мақсатымыз - зейнет жасындағы үлкендерге қамқорлық көрсету, белсенді ұзақ өмір салтын қалыптастыру, - деді Ербол Оспанов.

WhatsApp Image 2023-05-05 at 17.18.29

Одан әрі Вице-министр "Тең қоғам" орталығына келді. Дәл қазір орталықта мүмкіндігі шектеулі азаматтармен кездесу өткізуде. Кездесуде «Әлеуметтік кодекс» туралы түсінік беріліп жатыр.

- Әлеуметтік кодекс бізге не үшін керек? Біріншіден, Кодексте қазіргі барлық қолдау шарасы қайта қаралды. Былайша айтқанда, әлеуметтік саладағы барлық заңнамаға ревизия жүргізілген. Саланы ретке келтіру мәселесі пісіп-жетілді. Мүгедектігін ала алмай жүрген адамдар бізге көп шағымданады. Біз әлеуметтік салада көрсетілетін қызмет сапасын көтеруіміз керек. Бөлінген қаржы керек жеріне жету керек, біз осы кодекс аясында бәрін қатаң қадағалайтын боламыз, - деді вице-министр Ербол Оспанов.

Жанат Көшкінбай, 

zhaikpres.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале