3.05.2019, 11:36
Оқылды: 82

Оралға «FlyArystan» әуә компаниясының алғашқы рейсі ұшып келді

Бүгін Қазақстандағы алғашқы лоукостер - FlyArystan әуе компаниясы Оралға алғашқы рейсін орындады. 

flyarystan (4)

Әуе компаниясы 180 орындық Airbus A320 ұшағымен Алматыдан Орал әуежайына алғашқы рейсін сәтті орындады. Ұшақта өте сапалы қызмет көрсетіледі. Билет бағасы да қолжетімді.  Тағы бір айта кетерлігі «Fly Arystan» әуе ұшағының бортында жаңа recaro 3530 SLIM былғарымен қапталған, 70 см-ден 82 см-ге дейін қозғалатын кресло орнатылған.

flyarystan (5)

      -Орал-Алматы бағытындағы жаңа рейс халыққа қолайлы болуы үшін ашылды. Біріншіден, бұл ҚР тұңғыш Президенті – Н.Назарбаевтың тапсырмасы. Екіншіден, билеттің бағасы қол жетімді. Үшіншіден, Ақжайық өңірі Ресей Федерациясының 5 облысымен шектеседі. Бұл әуе бағыты ішкі және сыртқы туримзнің дамуына оң әсер етеді. Бүгін Орал қаласынан Нұр-Сұлтан, Алматы, Атырау, Ақтау, Мәскеу мен Франкфуртқа рейстер орындалады,- деді облыс әкімі Алтай Көлгінов тілшілерге берген сұхбатында.

Айта кетейік, «Fly Arystan» әуә компаниясы 29 наурызда Алматы, Нұр-Сұлтан, Тараз, Орал, Қарағанды, Павлодар мен Шымкент қаласында билет сатылымын ашқан еді. Билетті лоукостердің ресми flyarystan.com сайтында брондауға болады.

         Компанияның жұмысы мен жоспары жайында «Air-Astana» әуе компаниясының президенті Питер Фостер де бөлісті.

flyarystan (6)

         - «Fly Arystan» әлемдік тәжірибеде кеңінен таралған бюджеттік әуе компаниялар моделі бойынша жұмыс істейді. «Air-Astana» әуе компаниясының бөлімшесі. Орталық Азия мен Үндістандағы ең үздік компания деп танылды. Біз жолаушылар ағымын ішкі бағытпен қатар, шетелдік бағдар бойынша өсіруге де ниеттеніп отырмыз. Болашақта Қазақстанмен қатар шетелде де базамызды орналастыру бірден-бір мақсатымыз. Ал оған дейін ел ішінде қолжетімді бағамен сапар шегуге мүмкіндік беріп, «Fly Arystan» аймақтық экономиканың дамуына зор үлесін қосады деген сенімдеміз, - дейді Питер Фостер.

Суретке түсірген Динара Киндербаева,

zhaikpress.kz

flyarystan (3)

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале