17.09.2021, 9:55
Оқылды: 116

Орден иесі табылды

Былтыр Бәйтерек ауданының Зеленый ауылындағы Зеленов орта мектебін күрделі жөндеу кезінде ІІІ дәрежелі Даңқ ордені (544640) табылған еді. Осыған байланысты М.Мәметова атындағы іздестіру жасағының командирі Сергей Лапшин «Майдан жолы» іздестіру жасағынан осынау марапат иесінің аты-жөнін анықтауға көмек сұраған-ды. «Боевое братство» Алтай өлкелік бөлімшесінің басшысы және осы аттас іздестіру тобының командирі Александр Вилисовтың көмегі арқасында орден иесі белгілі болды.

5

Сонымен, қолға тиген мәлімет бойынша аталмыш орден Саратов облысының Озинки ауылында туып, соғысқа Орал қаласынан аттанған Сериков Алексей Георгиевичке (1906 ж.т.) тиесілі екені құжат жүзінде дәлелденіп отыр. Нақтырақ айтсақ, бұл марапат жерлесімізге 1944 жылдың 11 қарашасы күні (бұйрық нөмірі 106/н болса, орден кітапшасының нөмірі Б№381922) беріліпті.

Біз осы бір жағымды жаңалықты жерлестерімізге жеткізуге өзінің қолдау-көмегін көрсеткен Александр Вилисовке батысқазақ­стандықтардың атынан алғысымызды айтып, ен­дігі кезекте Алексей Георгиевичтің туматуысқандарын табуға ниеттіміз.

 

Н.Берендяев,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале