4.12.2020, 21:38
Оқылды: 145

Оркестрдің он жылдығы атап өтілді

  Оралдағы А.Н.Островский атындағы драма театрында Батыс Қазақстан облысы әкімінің эстрадалық-симфониялық оркестрінің құрылғанына 10 жыл толуына арналған мерейтойлық концерттік бағдарлама өтті. Шараның беташарында облыс әкімінің орынбасары Серік Егізбаев облыс тұрғындарын, оркестр ұжымын, мерейтойға келген меймандарды осынау рухани маңызы зор  мерекемен құттықтады.

1BF93722-D9CA-42E6-BF0C-C406520542EE

–Оркестр өз өнерімен бүкіл еліміздің, Ақжайық өңірінің туын көкке көтеруде. Кезінде ұлы әнші Муслим Магомаев пен София Ротару «Верни мне музыку» деп Арно Бабаджанянның белгілі әнінде шырқағандай, музыка, әуен халықты, ұлтты бір-біріне жақындастыратын, адамды сүюге, құрметтеуге жетелейтін  рухани құндылық. Ол біраз жылдар ұмытып, жоғалтқан әнді, әуенді табуға, жолықтыруға көмектеседі. Біз аманшылық болса, бұдан былай да жүрегімізде сақталған, көкірегімізде жатталған, көңілімізде қатталған өнердің бұл түрімен әлі сан мәрте кездесетін боламыз. Музыка деп аталатын құдіретті шебердің санатындағы облыс әкімінің оркестрін мерейлі мерекесімен құттықтай отырып, өнерлеріңіз үстей берсін деген тілек айтамыз,– деді Серік Рахметоллаұлы.

7F89929B-5ED2-4C99-A288-623D77F04CB5

Бұдан соң ол Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, профессор, дирижер Қанат Ахметовке, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, медицина ғылымдарының докторы Серік Тоқпановқа, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының жетекші солисі Дина Хамзинаға, Өзбекстанның халық әртісі Мансур Ташматовқа, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, әнші, продюсер Жанна Орынбасароваға, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, композитор Арман Дүйсеновке облыс әкімінің алғысхатын табыс етті. Ол, сондай-ақ оркестрдің бір шоғыр өнерпаздарын өзінің алғысхатымен марапаттады.

5C46B49D-9E95-4963-BB58-25986DF4CECC

Шара барысында оркестр көркемөнерпаздарының үлкен тобына және мерейтойлық шараға келген қонақтарға салалық кәсіптік одақтың облыстық филиалының төрағасы, оркестр құрылған кездегі облыстық мәдениет басқармасының басшысы Айдар Батырханов Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы қоғамдық бірлестігінің «Еңбек даңқы» төсбелгісін табыстады.

04BD0E5C-0CCF-4444-AF6B-65A50D2870AF

Шарада Батыс Қазақстан облысы әкімінің эстрадалық-симфониялық оркестрінің 10 жылдығына арналған мерейтойлық концерттік бағдарламасы өтіп, онда облысымызға, Қазақстанға және шет елдерге танымал әншілер оркестрдің сүйемелдеуімен қазақ-кеңес және шет ел композиторларының музыкалық туындылары мен әндерін тамылжыта шырқады.

B9965F85-255C-41E0-BE92-88BA643C5199

Нұрымбек Жапақов,

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале