24.05.2023, 9:45
Оқылды: 41

Өрт орнына вице-министр генерал-майор М. Күлдіков келді

"2023 жылғы 22 мамырда 15 сағат 25 минутта Абай облысының Бородулиха ауданында, Ауыл станциясынан 7 км қашықтықта (Алтай өлкесі РФ аумағынан Новенькая ауылынан өтті) құрғақ шөптің жануы орын алып, кейіннен "Семей Орманы" мөр аумағына көшті. Өрттің жалпы аумағы 1500 Га. Орман алқабында құрғақ шөптің жануда", - деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

ec2d876b7c49ff1472e6a9c6d96374b7_1280x720.jpeg

Елді мекендерге төнген қауіпке байланысты Березовка шипажайы мен Березовка подхозынан 277 адам өз бетінше туыстарына эвакуацияланды.
Березовка шипажайы мен Березовка подхозы орнында 15 адамнан тұратын қызметкерлерден кезекшілік ұйымдастырылды.

Орман өртін сөндіруге барлығы 109 бірлік техника, оның ішінде 1 өрт пойызы және 2 тікұшақ, сондай-ақ 434 адам жұмылдырылды.

Қосымша Астана қаласы, Павлодар және Қарағанды облысы ТЖД күштері мен құралдарын, жеке құрамнан 133 адам және 26 бірлік техникамен топтастыру жіберілді. Сондай-ақ
"Қазависпас" АҚ-ның МИ-8 тікұшағы, экипажындағы 4 адаммен Қарағанды қаласының әуежайынан ұшып шықты.

Тәулігіне 2 тікұшақпен барлығы 59 157,5 тонна су төгілді.

Өрт орнына вице-министр генерал-майор М. Күлдіков келіп жетті.

Өрт орнында командалық-штабтық машина (КШМ) жұмыс жасауда.

Сондай-ақ, дағдарыс орталықтарында Абай облысының ТЖМ және ТЖД жедел штабтары жұмыс істейді. Сенім телефоны ашық.

"Қазгидромет" деректері бойынша 24-26 мамырда Бородулиха ауданында
Абай облысында екпіні 15-20 м/с дейін солтүстік-шығыс жел соғады деп күтілуде.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале