29.04.2022, 18:32
Оқылды: 266

Өрт-тактикалық оқу жаттығуы өтті

Казталов ауданы Қарасу ауылдық округі және Жаңақала ауданы Жаңажол ауылдық округінің ЕӨҚ өрт-тактикалық оқу жаттығуын өткізді.

C4775A4C-EE52-4B80-A314-1BAB00F50D72

Жаңақала ауданының төтенше жағдайлар бөлімі 2022 жылға арналған жұмыс жоспарының 17-тармағын орындау мақсатында бүгін Казталов ауданының Қарасу ауылдық округі мен Жаңақала ауданының Жаңажол ауылдық округінің шекарасында екі ауылдық округінің ерікті өртке қарсы құрамаларының қатысуымен «2022 жылғы жазғы далалық жанулар мен өрттерді сөндіру» тақырыбында тактикалық жаттығулар өткізді.

Практикалық жаттығуға, аудандық төтенше жағдайлар бөлімдерінің бастықтары, аудан әкімі аппаратарының ТЖ жөніндегі бас мамандары, ауылдық округ әкімдері, екі округтің ерікті өртке қарсы құрылымдары қатысты.

433AE9D1-1852-493A-8216-9808964720C9

Жаңажол ауылдық округінен: 12 адамнан тұратын аспалы өрт сөндіргіштері мен ерікті өртке қарсы құрылымы, 1 дана МТЗ – 82 тракторы су тасығыш тіркемесі мен 1 дана Уаз (таблетка, 1 тонна су және мотопомпамен жабдықталған) автокөлігі  қатысты.

Қарасу ауылдық округінен: 13 адамнан тұратын аспалы өрт сөндіргіштері мен ерікті өртке қарсы құрылымы, 1 дана МТЗ – 82 тракторы соқасы мен 1 дана су тасығыш автокөлігі, 1 дана Уаз (Таблетка, 1 тонна су және су шашатын құралдарымен жабдықталған) автокөлігі қатысты.

Жалпы 25 адам, 6 техника қатысты.

Жаттығу барысында ерікті өртке қарсы құрылымындарының мүшелеріне практикалық көмек көрсетіліп, қосымша кіріспе тапсырмалар қойылды.

Нәтижесінде ерікті өртке қарсы құрамаларының дала жанулар мен өрттерді сөндіруге дайын деген баға берілді.

 Е.Мамаев,

БҚО ТЖД  Жаңақала аудандық                                                                                                                                            Төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері, азаматтық қорғау капитаны

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале