20.11.2023, 17:45
Оқылды: 32

Ортақ мүддені көздеген сиез

Алаш қайраткерлері ұйымдастырған Бірінші Жалпықазақ сиезі 1917 жылдың 21-26 шілдесі күндері Орынбор қаласында өтеді.

жп дала

Жалпықазақ сиезін ұйымдастыру мәселесі «Қазақ» газетінде 1913 жылдан айтылып келе жатқанымен, патша үкіметі рұқсат бермей келгенді.

Алайда 1917 жылғы наурыз және сәуір айларындағы облыстық қазақ сиездері жалпықазақ сиезін шақыруды тездетті.

Сиезге Ақмола, Семей, Торғай, Орал, Жетісу, Сырдария, Ферғана облыстарынан өкілдер қатысады. Сиездің төрағасына Х.Досмұхамедов, орынбасарлығына А.Байтұрсынов пен Ә.Көтібаров, хатшылығына М.Дулатов пен А.Сейілов сайланады.

Сиезде мемлекет билеу түрі, қазақ облыстарындағы автономия, жер мәселесі, халық милициясы, земство, оқу, сот, дін, әйелдер мәселелері, қазақ облыстарынан депутаттар сайлау, Бүкіл Ресей мұсылмандарының кеңесі, қазақ саяси партиясы, Жетісу облысының оқиғасы, Киев қаласында болатын бүкіл Ресей федералистерінің сиезіне қазақтан өкіл жіберу секілді он төрт мәселе қаралады.

Қорыта айтқанда, Бірінші Жалпықазақ сиезі сол кездегі бүкіл қазақ баласына тұтас ұлт екенін терең сездіріп, ортақ мүддеге жұмылдыра алғандығымен тарихта қалады.

Зұлқожа Шарафутдинов,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале