15.07.2022, 14:45
Оқылды: 165

Орталық ғылыми кітапхананы Ұлттық ғылым академиясына беру мүмкін емес - Асхат Аймағамбетов

Орталық ғылыми кітапхананы ҚР Ұлттық ғылым академиясының құрылымына беру мүмкін емес. Бұл жайында Мәжіліс депутаттарының сауалына ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетовтің жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

220715153554850e

Сурет: ҚазАқпарат

«Бұрынғы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының құрамында болған Орталық ғылыми кітапхана Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 11 ақпандағы №84 қаулысымен «Ғылым ордасы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны құрамына енгізілген. Бүгінгі күні Орталық ғылыми кітапхана кәсіпорынның жетекші құрылымдық бөлімдерінің бірі болып табылады. Осыған байланысты, Орталық ғылыми кітапхананы «ҚР ҰҒА» республикалық қоғамдық ұйымының құрылымына беру мүмкін емес», - деп атап өтеді министр жауабында.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале