29.07.2026, 16:05
Оқылды: 58

Өртке қарсы күрес: Облыс әкімі нақты жоспар құруды тапсырды

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев Астана қаласындағы іссапардан оралған бойда Оралдағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонына барып, өрт сөндіру жұмыстарын көзбен көрді. Осы жерде ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі Рамиль Камалов, жергілікті департамент пен қала басшылығының қатысуымен кеңес өткізді.

759199675_1540553650882606_3515951899906688356_n

37 гектар аумақты алып жатқан полигонның 15 гектарын қызыл жалын шарпыды. Бүгінде 6 гектар аумақта өрт толық сөндірілді. Дегенмен, 9 гектар жерде қызыл жалынмен күрес әлі де жалғасып жатыр. Өрт басталғалы 29 мың тонна топырақ тасымалданып, 7,5 мың текше метр су төгілген.

Облыс әкімі өртпен күресіп жатқан азаматтарды қорғаныс құралдарымен, ас-сумен уақытылы қамтамасыз етуді тапсырды. Аймақ басшысы салаға жауапты орынбасары мен қала әкімдігіне жүйелі жоспар құру жөнінде нақты міндеттер жүктеді.

759955220_1552144842956622_9145425753773103829_n

- Мен үнемі айтамын. Осындай жағдайларға байланысты сіздерде нақты жоспар болуы керек. От тұтанған сәтте-ақ су тасушы, өрт сөндіруші техникалар осы жерден табылып, дер кезінде әрекет етуі керек. Бірер трактор кетті екен деп қол қусырып қарап отыруға болмайды. Көп жағдайда жедел іс-қимыл жетіспей қалатыны жасырын емес. Салдарынан шығын көлемі ұлғаяды. Нақты әрі жүйелі жоспар жасақтаңыздар, - деді Нариман Төреғалиев.

Облыс әкімі қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын меншігіне алған компанияға қатысты да тиісті шешім қабылданатынын айтты. Қала басшылығына осы жерде өрт сөндіру бекетін ашу мүмкіндігін қарастыруды тапсырды. Күштер мен құралдарды көбейту жөнінде нақты міндеттер жүктеді.

758671242_2216286435827401_4719146997351007153_n

Айта кетейік, қазір оқиға орнында 66 адам мен 49 бірлік арнайы техника тәулік бойы жұмыс істеуде. Жағдай аймақ басшысының тұрақты бақылауында.

БҚО әкімінің баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале