Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығын атап өту үшін сатып алынған және Торғайға жіберілген азық-түліктің барлығы орман өртінен зардап шеккен Әулиекөл тұрғындарына жөнелтіледі.
Қостанай облысының әкімдігі осы кезде Торғайдан Әулиекөлге жөнелту үшін жүк көліктеріне азық-түлік тиеліп жатқанын хабарлады.
Сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен Әулиекөл ауданының өрттен зардап шеккен тұрғындарына азық-түлік, гигиеналық және көрпе-төсек заттарын жіберу жұмыстары ұйымдастырылады.
Осыған дейін 2022 жылдың 2 қыркүйегінде сағат 15:10-да Қазанбасы ауылынан 20 шақырым жерде орналасқан «Басаман КШШ» КММ аумағында орман алқабы жанғаны хабарланды.
Бүгін ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Әулиекөл ауданындағы өрт шыққан аумаққа аттанды.
Сонымен қатар өртке байланысты «Қостанай-Әулиекөл» тасжолы жабылды.
Қостанай облысының өрт болып жатқан жерге жақын орналасқан елді мекендерінен адамдарды эвакуациялап жатыр.
Қазіргі таңда өрт сөндірушілер Аманқарағай ауылында 60 үйді өрттен аман алып қалу қамымен жүр.
Қостанай облысында өрттен зардап шеккен, көмекті қажет ететін азаматтар арнайы іске қосылған шұғыл желіге хабарласа алады.
Дереккөз: ҚазАқпарат
18:1522.09.2023
Құмар ойынға әуестер ресми түрде ауру қатарына жатқызылады
18:0022.09.2023
Әскери қызметшілер гір спортынан өткен Әлем чемпионатынан жеңіспен оралды
17:1522.09.2023
Елімізге жазғы маусымда 448 мың шетелдік турист келді
17:0022.09.2023
Соңғы үш жылда Қазақстанның туризм саласына 4 млрд доллар инвестиция тартылды
22.09.2023, 18:15
22.09.2023, 17:15