17.02.2017, 19:21
Оқылды: 35

Өрттен зардап шеккендер жоқ

Бүгін күндізгі сағат 3-тердің шамасында Орал қаласындағы облыстық клиникалық ауруханасының №2 ғимаратындағы томография кабинетінен өрт шықты.


БҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнына келген төтеншеліктер тілсіз жауды жарты сағаттың ішінде ауыздықтап үлгерді.

Өрттің себептері, келтірілген шығын мөлшері және кінәлілер анықталуда.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале