5.05.2026, 17:00
Оқылды: 63

«Өсу капиталы: Аймақтың жаңа мүмкіндіктері» инвестициялық форумы өтті

Оралда БҚО әкімдігі мен прокуратурасының ұйымдастыруымен «Өсу капиталы: аймақтың жаңа мүмкіндіктері» атты инвестициялық форум өтті. Маңызды жиынның мақсаты – бизнес қауымдастықпен өзара іс-қимылды нығайту және инвесторлардың құқығын қорғау. Іс-шараға аймақ басшысы Нариман Төреғалиев, облыс прокуроры Нұрбек Ұласбекұлы, ҚР Бас прокуратурасының Инвесторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі комитет төрағасының орынбасары Азамат Дүйсембеков, Өнеркәсіп комитеті төрағасының орынбасары Мұхамед Андақов және Өңірлік кәсіпкерлер кеңесінің төрағасы Мұрат Жақыбаев қатысты. 

WhatsApp Image 2026-05-05 at 16.05.43

Форум аймақтағы оқу орындары мен іргелі кәсіпорындардың инновациялық жобалар көрмесімен ашылды. Онда инвесторлар тың бастамаларын таныстырып, экономикалық тиімділігіне назар аудартты. Ресми бөлімде аймақтың инвестициялық әлеуеті туралы бейнеролик көрсетіліп, жобалардың нақты нәтижелері баяндалды.

WhatsApp Image 2026-05-05 at 16.05.42

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев өңірде инвесторлардың құқығын қорғау және қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастыру бойынша кешенді іс-шаралар атқарылып жатқанын атап өтті.

WhatsApp Image 2026-05-05 at 16.05.45

- Мемлекет басшысы инвестиция тарту ісін жүйелі жолға қойып, жобаларды әртараптандыру жөнінде нақты тапсырмалар берді. Кешенді жұмыстар мен келіссөздер нәтижесінде кейінгі 3 жылда өңір экономикасына 2,3 трлн теңге инвестиция тартылды. Прокуратура органдарымен бірлесе отырып, инвесторлардың құқығын қорғау шараларын жалғастыра береміз. Жаңа жұмыс орындарының ашылуы тұрғындардың табысын арттырып, әлеуметтік-экономикалық дамуға серпін береді», — деді Нариман Төреғалиев.

WhatsApp Image 2026-05-05 at 16.05.44 (1)

Форумда жылына 100 мың тонна қоқыс өңдейтін зауыт салу, газтурбиналық электр стансасының құрылысы, «Еуразия» логистикалық хабын құру, фармацевтикалық препараттар шығару сияқты оңтүстік кореялық, қытайлық және ресейлік компаниялардың қатысы бар ірі жобалар талқыланды.

WhatsApp Image 2026-05-05 at 16.05.44

Жиын соңында қалдықтарды өңдеу, энергетика, қонақ үй бизнесі және құс фабрикасын салу бойынша ынтымақтастық жөніндегі маңызды меморандумдарға қол қойылды. Құрылыс, машина жасау, металлургия және туризм салаларының дамуына үлес қосқан бірқатар компания басшылары арнайы марапаттарға ие болды.

 

БҚО әкімінің баспасөз қызметі

WhatsApp Image 2026-05-05 at 16.05.48 WhatsApp Image 2026-05-05 at 16.05.49

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале