9.09.2022, 12:00
Оқылды: 173

Отандастар қоры шетелдегі қазақ балаларына ана тілін үйретуді бастады

«Отандастар қоры» КеАҚ шетелде тұратын қандас балаларға қазақ тілін үйрету мақсатында «Достар алаңы» жобасын бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

220909114157206e

Ведомствоның мәліметінше, жоба әлемнің әр елінде тұратын қаракөз ұл-қыздармен ана тілімізде тілдесіп, өзара әңгімелесу арқылы қазақша сөйлейтін орта қалыптастыруды мақсат етеді.

«Жоба аясында қазақша сөз саптап, сөйлем құрауды үйрету; аты-жөнінен бастап, ата-тегін дұрыс айту, ұлттық салт-дәстүр мен ұлы тұлғалар туралы әсерлі әңгімесу; қызықты тақырыптар таңдап, әлемді бірге танып-білу; онлайн форматта күнделікті байланысқа шығып, тіл байлығын бірге арттырумен қатар, жаңа достар табу жұмыстары қолға алынады. Ал, «Достықта шекара жоқ!» - деп жазды «Отандастар қоры«.

Қор шетелдік қандас балаларға ана тілімізді үйрету үшін мектеп жасындағы ұл-қыздар мен ұлтжанды волонтёр жастарды жобаға атсалысуға шақырады. Толығырақ +7 778 552 8116 байланыс нөмірінен білуге болады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале