Электр жүйесі - өзекті мәселе
11 Тамыз 2022

Электр жүйесі - өзекті мәселе

БҚО-да өндірістегі жазатайым оқиғалардан 10 адам қаза тапты
11 Тамыз 2022

БҚО-да өндірістегі жазатайым оқиғалардан 10 адам қаза тапты

Шыңғырлау жастары – турнир жеңімпазы!
11 Тамыз 2022

Шыңғырлау жастары – турнир жеңімпазы!

Жастармен жарқын жүздесу
11 Тамыз 2022

Жастармен жарқын жүздесу

Ақсоғым кентінде 19 жасар бала суға батып кетті
11 Тамыз 2022

Ақсоғым кентінде 19 жасар бала суға батып кетті

Құрылыс жұмыстарының барысымен танысты
11 Тамыз 2022

Құрылыс жұмыстарының барысымен танысты

«Отандастар» қорының құрылтайшысы ауысты

«Отандастар» қоры Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінен Қазақстан Сыртқы істер министрлігіне берілді.

N4O5E8l08cR7RaiHZoyAInYUY7U7ASj6elcTwL9u

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 31 қаңтардағы №36 Қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен «Отандастар» қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының 50 пайыз мөлшеріндегі акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқықтары Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінен Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне берілді, деп хабарлайды «Отандастар» қоры баспасөз қызметі.

«Отандастар» қоры КеАҚ  алдағы уақытта СІМ-не қарасты қызмет атқарады.

Бұған дейін қоғам акционерлері Сыртқы істер министрлігі мен Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі болған.

Айта кетейік, Шетелдегі отандастарымызға жан-жақты қолдау көрсету мақсатында «Отандастар» қоры құру туралы 2017 жылы Дүние жүзі қазақтарының V құрылтайында Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Ә. Назарбаев тапсырма берген еді. Қоғам өз жұмысын 2018 жылдың күзінде бастаған.

Бүгінде Қоғамның негізгі мақсаттарында шетелдегі қазақ қауымдарының жинақы тұратын жерлерінде қазақ тілі мен мәдениетін дамыту және тарихи отанымен байланысын қолдау саласындағы іс-шараларды ұйымдастыру арқылы Сыртқы істер министрлігінің шетелдік ведомстволарына бағынысты ұйымдар ретінде шетелдегі Мәдени-іскерлік үйлері платформасының желісін кеңейуге, шетелдік қазақ жастары және Қазақстанның білім беру саласың басымдықтарына, Шетелдегі қазақ қауымдары және Қазақстанның имидждік тартымдылығын арттыру ‒ ақпараттық-консультациялық қамтамасыз ету мәселелеріне басымдық жасау көзделіп отыр.

Сонымен қатар, қандастарды ақпараттық қолдау орталықтарының жұмысын жалғастыра отыра, шетелдегі қазақтар мен елге келген ағайынның өзара іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясатты талдау, жоспарлау және болжау мәселелері бойынша деректер базасын қалыптастыру жұмыстарын атқарады.

BAQ.KZ
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале