21.07.2020, 12:09
Оқылды: 75

Отандық құрылыс материалдарын онлайн саудалайтын ақпараттық алаң құрылады

Қазақстанда отандық құрылыс материалдарын онлайн саудалайтын «Маркетплейс» ақпараттық алаңы құрылады.

19A897EC-6395-4A09-802E-68741EC42E9E
Бұл туралы Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов мәлімдеді, деп жазылған Қазақпаратта.

«Өнім құнын төмендету мақсатында біз отандық құрылыс материалдарын онлайн саудалайтын «Маркетплейс» арнайы ақпараттық алаңын құруды қарастырып жатырмыз. Аталған онлайн портал компьютер технологияларын қолдана отырып, нақты уақыт режимінде әр нысанның құрылысына мониторинг жасауға және әкімдіктердің қаражатты игеруіне мүмкіндік береді. Бұл материалдар құнын 15%-ға төмендетуге жол ашып, құрылыс материалдары нарығының ашықтығын қамтамасыз етеді», - деді Бейбіт Атамқұлов. Министрдің айтуынша, мемлекеттің қолдауымен онлайн алаң құрылыс материалдарын белгіленген бағамен сатуға мүмкіндік береді.

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале