5.02.2024, 14:45
Оқылды: 40

Отандық таеквондошылар Фуджейра турнирін табысты аяқтады

"Біріккен Араб Әмірліктерінің Фуджейра қаласында таеквондодан G2 санатындағы халықаралық жарыс аяқталды", - деп хабарлайды Ұлттық олимпиада комитеті.

1707104163

Фото: olympic.kz

Дүбірлі додада үш спортшымыз финалға шығып, күміс жүлдегер атанды. Олар -  Аманбол Бегімбетов (63 келі), Ясмина Нарбаева (62 келі) және Жансель Дениз (73 келі).

Батырхан Төлеуғали (80 келі), Бексұлтан Мұсахан (68 келі), Ерасыл Орынбасар (74 келі), Нұрлан Мырзабаевтар (87 келі) жартылай финалда сүрініп, өз салмағында үздік үштікті түйіндеді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале