10.09.2026, 9:30
Оқылды: 25

Отбасы күніне арналған апталық «Дені сау ұрпақ: бірге өсеміз» тақырыбында өтіп жатыр

Қазақстанда Отбасы күніне арналған апталық жалғасып жатыр. Апталықтың төртінші күнгі тақырыбы – «Дені сау ұрпақ: бірге өсеміз».
689da3c15e396ae2c0dc7e68ec278fb0f57b428b66c8eb4f70e3c227c3235279_1280x720

Бүгін өңірлерде ата-аналарға бала денсаулығы мен дамуы туралы пайдалы ақпарат беретін танымдық кездесулер өткізу жоспарланған. Мамандар баланың ерте жастағы дамуы, дұрыс тамақтануы, ұйқы тәртібі, көңіл күйі, сондай-ақ балабақшаға бейімделуі туралы кеңес береді.

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында ата-аналар үшін ашық есік күндері өтеді. Кездесулер барысында балалардың қауіпсіздігі, мекемедегі күн тәртібі, ата-аналар мен тәрбиешілер арасындағы дұрыс байланыс орнату мәселелері сөз болады.

Сонымен қатар медициналық мекемелер мен жастар ресурстық орталықтарында репродуктивті денсаулық және шаңырақ көтеруді саналы түрде жоспарлау туралы айтылады.

Апталық аясында цифрлық қауіпсіздік мәселесі де назардан тыс қалмайды. «Телефондағы отбасы» жобасы барысында ата-аналар мен балаларға интернеттегі қауіпсіздік, кибербуллинг, цифрлық тәуелділіктің алдын алу, жеке деректерді қорғау және цифрлық кеңістікте жеке шекараны сақтау жөнінде ақпарат беріледі.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале