9.04.2022, 16:30
Оқылды: 155

Өткен айда жылжымайтын мүлік саудасы қыза түскен - риэлторлар

Қазақстанда жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату мәмілелері саны өсуде. Бұл туралы Біріккен риэлторлар қауымдастығы президентінің кеңесшісі Нина Лукьяненко айтып отыр.

210608083912801a3798075i

«Наурыздағы жағдай азаматтардың жылжымайтын мүлік сатып алуға деген талпынысы сақталғанын көрсетті. Бұл айдан жасалған келісімдердің саны ақпан айымен салыстырғанда 45,6% артқан. Бұл аз емес», - деді Нина Лукьяненко ҚазАқпарат тілшісімен сұхбатында.

Оның пайымынша, қаржы нарығындағы тұрақсыздық әсерінен адамдар жинаған ақшасының құнын сақтап қалу үшін жылжымайтын мүлікке салуға тырысып жатыр.

«Бүкіл заттың бағасы өсіп, теңге құнсызданған кезде халықтың жалпы сатып алу қабілеті төмендейтінін біледі. Мұндай кезде адамдар қолдағы активтің құнын сақтап қалуға тырысады. Жылдар бойғы тәжірибе оның бірден-бір жолы жылжымайтын мүлік сатып алу екенін көрсеткен. Қазір әлем бойынша қаржы нарығы өте құбылмалы. Қолда бар активтің құнын сақтап немесе еселеп қалу үшін іргелі білім керек. Ал мұндай кезде ақшаны жылжымайтын мүлікке салу-конверватиті жол деп айтар едім. Ол үшін асқан бір білімінің қажеті жоқ», - деді сарапшы.

Сондай-ақ, ол сәуір айының басында да Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан алынған біржолғы төлем арқылы жылжымайтын мүлік келісімшартын жасаушылардың көп тіркеліп жатқанын айтады.

Еске салсақ, 1 сәуірден бастап 2022 жылға есептелген зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегі күшіне енді.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале