16.02.2023, 12:30
Оқылды: 60

Өткен аптада облыс аумағында тіркелген 92 қылмыстың 60-ы ашылды

Өткен аптада облыс аумағында тіркелген 92 қылмыстың 60-ы (65,2%) ашылды. Бұл қатарда бір аса ауыр, жеті ауыр (16), сонымен қатар адам өлтіру (1), денсаулыққа қасақана зиян келтіру (1), орташа ауырлықтағы зиян келтіру (4), бұзақылық (1), есірткі заттарын заңсыз сақтау (2) және жалған құжаттар дайындау (2) т.б. қылмыс түрлері бар.

6c87d1cf-ba50-4558-8923-72fd90a43d4f

Фото: Turkystan.kz

Әрі осы аралықтағы 35 ұрлық ісінің 12-сі (34,2%), 14 алаяқтық ісінің 9-ы (64,2%) ашылды.

Бұдан бөлек бір жұмада Орал қалалық жедел басқару орталығы сыртқы бейнебақылау камераларының көмегімен 339 әкімшілік құқықбұзушылық анықталып, облыс жолдарында 2 жол-көлік оқиғасы болды.

Жыл басынан бері қара жолдың бойында орын алған 30 жол апаты 9 адамның өмірін қиса, 37 кісі түрлі дене жарақатымен емделген.

Сондай-ақ полиция қызметкерлерінің кәсіби шеберлігі мен жедел іс-әрекетінің арқасында биыл тіркелген 547 қылмыстың 367-сі (67,1%) ашылып отыр.

Бауыржан Махутұлы,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале