26.08.2022, 15:00
Оқылды: 160

Өткен жылы суицид қай өңірде көп болды?

Ұлттық статистика бюросы 2021 жылы өз-өзіне қол салу оқиғалары қай өңірде көп тіркелгенін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

4

Бюро мәліметінше, әйелдерге қарағанда ерлер арасындағы өлім-жітім екі есе жоғары. Яғни 100 мың адамға шаққанда ерлер арасындағы көрсеткіш 834,83 болса, әйелдерде - 452,07.

Бұл тұрғыда қан айналымы жүйесі ауруларынан қайтыс болған ер адамдардың үлесі жоғары - 100 мыңға адамға шаққанда ерлер – 321,72, әйелдер - 167,15. Ал қант диабеті бойынша өлім-жітім әйелдер арасында сәл көбірек - 100 мың адамға шаққанда ерлер - 33,73, әйелдер – 35,54.

Бұдан бөлек, жол-көлік оқиғаларынан өлім-жітім 100 мың адамға шаққанда ерлер арасында - 19,5 болса, әйелдер арасында 6,16 деңгейде.

Өзіне қол салу деректері бойынша ерлер арасында өлім бес есе жиі кездескен. Яғни 100 мың адамға шаққанда ерлер арасында – 19,92, әйелдер арасында 4,05 деңгейінде. Суицид бойынша Ақмола облысы 27,83 көрсеткішімен бірінші орында тұр. Одан кейінгі орында Қостанай (17,46) және Қарағанды (16,68) облыстары орналасқан. Адам өлтіру коэффициентінде де аталған үш облыс алдыңғы орында тұр. Суицидке қатысты ең төмен коэффициент Маңғыстау, Павлодар облыстарында және Алматы қаласында анықталды.

Атап айтқанда, суицид өлім-жітім көрсеткішінде адам өлімінің негізгі себебі болып саналмайды. Жоғарыда аталғандай, негізінен түрлі аурулардың асқынуынан ел тұрғындарының өмірі қиылып жатыр.

ДДСҰ статистикасына сәйкес, Қазақстан суицид саны бойынша 20-орында тұр, ал 10-19 жастағы жасөспірімдер арасында 10-орынға орналасқан. 2021 жылы елімізде өз-өзін өлтірудің 3922 жағдайы тіркелген.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале