БҚО: Тұрғын танысын өлтіріп, денесін өртеп жіберген
7 Маусым 2023

БҚО: Тұрғын танысын өлтіріп, денесін өртеп жіберген

«Жайлы мектеп» жобасы аясында төрт мектеп салынады
7 Маусым 2023

«Жайлы мектеп» жобасы аясында төрт мектеп салынады

Оралдық оқушылар халықаралық байқаудан жүлделі оралды
7 Маусым 2023

Оралдық оқушылар халықаралық байқаудан жүлделі оралды

«Үздік фотосурет және бейнеролик» қалалық байқауы өтеді
7 Маусым 2023

«Үздік фотосурет және бейнеролик» қалалық байқауы өтеді

Елімізде өткен тәулікте белгіленбеген жерде суға түскен төрт адам суға батып кетті
7 Маусым 2023

Елімізде өткен тәулікте белгіленбеген жерде суға түскен төрт адам суға батып кетті

Бас жүлде 1000 000 теңге: Орал қаласының әкімдігі байқау жариялады
7 Маусым 2023

Бас жүлде 1000 000 теңге: Орал қаласының әкімдігі байқау жариялады

Отыз жылдық белесіндегі ғылымның дамуы сараланды

Кеше Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-да ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы: Нәтиже. Жетістік. Болашаққа бағдар» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

23

Конференция жұмысының ашылуына университеттің басқарма төрағасы, ректордың орынбасары, ғылым жөніндегі проректор Әлжан Шәмшідін қатысты. Проректор жиынға қатысушыларды алдағы ұлы мерекемен құттықтап, тәуелсіздік жылдарындағы отандық ғылымның дамуына тоқталып, бұл салада көптеген жетістіктер орын алғанын атап өтті.

24

Бұдан әрі конференцияның секциялық кезеңі институттарда ұйымдастырылды. Мұнда «Жерді пайдалану, өсімдік шаруашылығы және азық-түлік өнеркәсібі салаларындағы өзекті мәселелер», «Экономиканы қайта құру және қазіргі заманның сын-қатері», «Ғылым мен техниканың дамуы: жаңа идеялар мен мүмкіндіктер», «Биотехнология және ветеринария салаларының қазіргі жай-күйі» мәселелері талқыланды.

Ғылыми-тәжірибелік конференцияның қорытындысы бойынша барлық материалдар арнайы жинаққа топтастырылды. Жалпы жиынға 105 баяндама ұсынылса, соның бесеуі – ресейлік жоғары оқу орындарының ғалымдарынан келіп түсті.

БҚАТУ медиа орталығы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале