12.10.2021, 12:01
Оқылды: 120

Отызға жуық инвест жоба жүзеге асуда

Қаратөбе ауданында 2016 жылы 572 шағын, орта кәсіпкерлік субъектісі жұмыс жасаса, бүгінгі таңда іске асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалар арқасында олардың саны 1011-ге жеткен. Ауданда сегіз шағын цех жұмыс жасап, 16 адам тұрақты еңбекпен қамтып отыр.
Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар алаңында өткен баспасөз мәслихатына Қаратөбе ауданының әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев мәлімдеді.

E379092D-09F4-4140-ACF0-19FD0F5463B1
-Аудан бойынша 2017 – 2020 жылдары аудан кәсіпкерлерімен жалпы құны 948,2 млн. теңгені құрайтын 21 инвестициялық жобалар іске асырылды. Биылдың өзінде ауданымыздың кәсіпкерлерімен құны 212,0 млн. теңгені құрайтын 9 жоба іске асырылуда. "Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы" аясында ауданымыз бойынша өз кәсіптерін ашуға және дамыту үшін 229 адам, 760,7 млн. теңге көлемінде жеңілдетілген несиелар алса, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша өткен 4 адам 143,2 млн. теңге несиеге қол жеткізді. Ауданымыз бойынша шағын кәсіпкерлікті дамыту мақсатында соңғы үш жылда көлемі 1,26 га құрайтын 28 жер учаскесіне 5 мәрте аукциондар өткізілді,- деді Қ.Сүйеуғалиев.

2CCC52B9-61F6-4BE6-8B99-7DE00D9A4262

Аталған ауданда тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарды баспанамен қамту мәселесі де жақсы жолға қойылған. Осы мақсатта «Қолжетімді тұрғын үй - 2020», «Нұрлы жер» бағдарламалары аясында 2006 – 2020 жылдары ауданда 136 тұрғын үй салынып, 139 отбасы баспанамен қамтылған. Сондай-ақ қазіргі таңда Қаратөбе ауылында үш төрт пәтерлі бір қабатты тұрғын үй құрылысы жүргізілуде. Сонымен қатар «Темірауыл-1» тұрғын кешенінде 83 бірпәтерлі тұрғын үйлердің құрылысы жоспарлануда. Аудан бойынша 2017 – 2021 жылдары тұрғындарға жеке үй салу мақсатында 231 жер теліміне сыртқы инженерлік инфрақұрылым желілерін тарту жұмыстары жүргізілген.

Нұрбек Оразаев,
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале