22.11.2021, 11:10
Оқылды: 93

«Өз талыңды отырғыз!» дәстүрлі экологиялық акциясы өтті

20 қараша күні "Ауыл" Халықтық-демократиялық патриоттық партиясының БҚО бойынша өңірлік филиалы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «30 игі іс» акциясы аясында «Ауыл» ХДПП-ң «Өз талыңды отырғыз!» дәстүрлі экологиялық акциясының кезекті шарасын өткізді.
17
Акция - сенбілік форматында, Батыс Қазақстан облысы, Бәйтерек ауданы, Мичурин ауылдық округы, Октябрьское ауылы, С.Исаев атындағы халықаралық эксперименталдық коллекциялық тәлімбақта өтті.
Сенбілікке Ауыл» ХДПП БҚО бойынша өңірлік филиалының жетекшісі Мынтатаубиік Әнесов бастаған филиалдың саяси кеңес мүшелері, Ауыл» партиясы жастар қанаты - Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің студенттері, С.Исаев атындағы халықаралық эксперименталдық коллекциялық тәлімбақ иесі Қайрат Каримов, жұбайы Роза Өмірзақовамен бірге, барлығы 30 адам қатысты.
25
Шараның алдында Қайрат Каримов сенбілікке қатысушыларға тәлімбақ жайлы мағлұмат беріп, шағын эскурсия жүргізді. Аумағы 7 гектар құрайтын тәлімбақ Шаған өзені мен Садовское көлінің жағасында орналасқан. Отыз-қырық градус аязға төтеп беретін (ішінде бір данасының салмағы 450 грамм тартатын «лобо» сорты да бар) алма мен жүзімнің екі жүзге жуық түрін өсіретін ерекше шаруашылық - С.Исаев атындағы халықаралық эксперименталдық коллекциялық тәлімбақ – тек Бәйтерек ауданы, Батыс Қазақстан облысының ғана емес, бүкіл еліміздің мақтанышы. Мамандардың пікірінше, С.Исаев атындағы халықаралық эксперименталдық коллекциялық тәлімбақ – күллі ТМД аумағында теңдесі жоқ уникум болып табылады. Бұнда жергілікті климатқа сай мәдени дақылдардың сортын зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Қайрат Каримов алдағы уақытта өндіріс бақ салуды да ойға алып жүр. Сондай-ақ, жемістері шипалы тал, бұталар өсетін емдік бақ өсіруді де армандайды және бұл бағытта белгілі бір жұмыстарды бастап кетті.
24
Бұл тәлімбақтың дүниеге келуінде, жемісті дақылдар бойынша белгілі селекционер Сергей Исаевтың қызы Ирина Исаеваның үлесі зор екенін айта кету керек. Ал Сергей Исаев – атақты Иван Мичуриннің шәкірті. И.Мичурин дүниеден озған соң, С.Исаев бүкіл Совет Одағының селекция жұмыстарына жетекшілік етеді. Ал ауылшаруашылық ғылымдарының докторы Ирина Исаева болса, қазір жасы 80-нен асқанына қарамастан, өзі «ұлым» деп атайтын Қайрат Каримовқа ақыл-кеңесімен қолдау көрсетіп отырады. Ирина Исаева бір сөзінде: «Среди самых неистовых энтузиастов Кайрат Каримов – особенный, целеустремленный и успешный. Прямой наследник дела Мичурина. В Казахстане он посадил коллекционный сад – грибницу для будущих садов Евразии. В питомнике собран ценнейший, в настоящее время не имеющий аналогов в России и на постсоветском пространстве генофонд плодовых культур» деп атап өтеді.
26
Өз кезегінде, Ауыл» ХДПП БҚО бойынша өңірлік филиалының жетекшісі Мынтатаубиік Әнесов – тәлімбақ басшылығына, Ауыл партиясы туралы мағлұмат беріп, сенбілікке қатысып жатқан филиал мүшелерімен таныстырды. Ауыл» ХДПП БҚО бойынша өңірлік филиалы дәстүрлі экологиялық акция шараларының аясын кеңітіп, С.Исаев атындағы халықаралық эксперименталдық коллекциялық тәлімбақты қамқорлығына алып, (кем дегенде) 30 тал-терекке күтім көрсетуді өзіне міндеттеме қылып алатынын айты.
Шара барысында, сенбілікке қатысушылар тәлімбақ аумағында тазалық жұмыстарын жүргізіп, ғылым мен өндіріс ұштасып жатқан тәлімбақтың іс-тірлігіне өз үлестерін қосты.
БҚО бойынша Ауыл ХДПП филиалы
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале