2.06.2022, 9:45
Оқылды: 92

Өз тіліңді құрметте!

"Ұлттың сақталуына да, жойылуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл"- деп ғұлама ғалым Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, еліміздің өркендеп дамуына бірден-бір себеп – мемлекеттік тілімізді жетік меңгеруіміз. 

IMG-20220602-WA0006

Фотосурет: e-history.kz

Мемлекеттік тіл – тәуелсіз елдің негізгі рәсімдерінің бірі. Сол себепті қазақ тілін терең меңгеру әр қазақтың, Қазақстанда тұрып жатырған әрбір азаматтың қасиетті борышы. Ата-бабамыз ғасырлар бойы жасаған асыл мұраларын, игі істерін, салт-дәстүрлерін, өсиеттерін ұрпақтан-ұрпаққа тіл арқылы жеткізген. Сондықтан ана тілімізді білмей, ұлттық мәдениетті бойымызға сіңіріп жете меңгеру мүмкін емес. Тіл халықпен бірге өмір сүріп дамиды.

Әр ұлттың тілі - оның бақыты мен тірегі. Мемлекеттік тіл мемлекетіміздің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық салаларында қолданылатын тіл болғандықтан, жүргізілетін барлық іс-қағаздары мен құжаттар мемлекеттік тілде болуы тиіс. Болашағымызды баянды етер басты қаруымыз – тіліміз.

Тіл өлсе, ұлттың да өмір сүруі мүмкін емес. Сол тілде сөйлейтін соңғы адам болсаңыз да, тіліңіз жайында аманат қалдыруға, мұра қалдыруға тырысуыңыз керек. Себебі сіздің тілде жазылған құнды тарихи деректер, кейінгі ұрпақ үшін үлкен маңызы зор.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты төрағасының 2009 жылдың 27 ақпанындағы "Іс қағаздарын мемлекеттік тілге көшіру туралы"№36 өкімі республикамыздың барлық соттарында қолданылады. Қазір іс-қағаздарын жүргізу номенклатурасына сәйкес жүргізілетін кітаптар, есептік карточкалар, сот тәжірибесінің талдаулары, жедел кеңес және семинар, сабақ хаттамалары, жоғары сатыдағы соттармен және басқа да мемлекеттік мекелермен хат алмасу тек мемлекеттік тілде жүргізіледі. Тіл туралы заңнамамыздың қағаз жүзінде қалмай,  нық қадам басып, ғұмыры ұзақ, болашағы жарқын болуы үшін күресе білейік. Әр азамат өзінің ана тілін, көзінің қарашығындай қарауы және ана тілінің орынсыз шұбарлануына қарсы тұруға тиісті. Себебі ана сүтімен дарыған тіл  –  басты байлығымыз.

Гүлжайна Беккалиева,

Орал қаласының №2 соты бас маманы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале