14.08.2026, 12:45
Оқылды: 13

Өзекті сұрақтарға түсінікті жауаптар: ОСК сайтында «SAILAU AI» ЖИ-көмекшісі қолжетімді

«Үйден дауыс беруге қалай болады?», «Есептен шығару куәлігін қалай алуға болады?», «Егер сайлаушылар тізімінде болмасаңыз, не істеу керек?» деген және басқа да сұрақтарға Орталық сайлау комиссиясының ресми сайтында қолжетімді Sailau AI ЖИ-көмекшінің көмегімен оңай жауап алуға болады.

Құрылтай, Сайлау, ЖИ, ЖП

Сурет: сайт архивінен 

ИИ-көмекші мемлекеттік және орыс тілдерінде тәулік бойы, аптасына 7 күн ақпарат ұсынады. Ол «AlemLLM тілдік моделі негізінде әзірленген.

ИИ-көмекші Қазақстан Республикасының Конституциясы, конституциялық заңдары және өзге де нормативтік құқықтық актілер негізінде сайлауды ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша ақпаратты іздеуге және ұсынуға арналған.

Sailau AI көмекшісін Telegram мессенджерінен де табуға болады.

Ұсынылатын жауаптардың сапасы мен дәлдігін арттыру мақсатында қазіргі уақытта ассистентті кезең-кезеңімен қосымша жетілдіру жұмыстары қатар жүргізілуде.

Еске салайық, бұған дейін Ортсайлауком 405 халықаралық байқаушыны қосымша аккредиттегені туралы жаздық.

 

Орталық сайлау комиссиясы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале