1.02.2023, 10:31
Оқылды: 82

Пәкістан мешітіндегі терактіден қаза тапқан 100 адамның 97-сі – полицей

Пәкістанның Пешавар қаласында (Ауғанстанмен шекараға жақын Хайбер-Пахтунхва солтүстік-батыс провинциясы) мешітте болған жарылыс салдарынан мерт болғандардың дені – күш құрылымдарының қызметкерлері. Бұл туралы Пәкістан Ішкі істер министрлігінің басшысы Рана Санаулла Ұлттық жиын алдында мәлімдеді. Ол ARIA News телеарнасынан көрсетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

IMG-20230201-WA0004

«Теракт салдарынан 97 полицей мен 3 қарапайым азамат қаза тапты», - деді Санаулла.

Пешавара қаласында дүйсенбі күні болған жарылыстан мерт болғандар саны 100-ге жетіп, жарақат алғандар 200-ден асты.

Ұлттық қауіпсіздік органы қызметкерлерінің ақпаратына сәйкес, жанкешті лаңкес жарылғыш затты мешітке бесін намазы кезінде іске қосқан. Сол сәтте мешітте адам көп болған, оның ішінде полиция қызметкерлері мен әскерилер бар.

Бұған дейін хабарланғандай, леди Рединг атындағы Пешавар ауруханасында төтенше жағдай жарияланды – онда жарақат алғандар көптеп түсіп жатыр, көбінің жағдайы ауыр, медицина қызметкерлері донорлардан қан тапсыруды сұрайды.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан Президенті Ариф Алви мен Премьер-министрі Шахбаз Шарифке көңіл айту жеделхатын жолдады.

Мемлекет басшысы Пешавар қаласындағы мешітте болған лаңкестік әрекет салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны және зардап шеккені туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабыл алғанын жеткізді.

Фото:REUTERS

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале