7.03.2022, 16:30
Оқылды: 159

Паралимпиада: Қытай құрамасы медаль саны бойынша көш бастап келеді

Бейжіңдегі қысқы Паралимпиаданың екінші жарыс күнінің қорытындысы бойынша Қытай құрамасы медаль санынан көш бастап келеді. Өткен жексенбіде сегіз марапат ойнатылып, қытайлық паралимпиадашылар сегізін жеңіп алды, оның ішінде төрт «алтын».

220307091340349e

Медаль саны бойынша Қытай құрамасы алты алтынмен, төрт күміспен және алты қоламен бірінші орынға шықты.

Екінші орында Украина құрамасы (3-3-1), үшінші орында – Жапония (2-0-2).

Жарыстың үшінші күнінде, 7 наурызда сноубордтан бірінші марапат жиынтығы ойнатылады.

Чжанцзякоуда шаңғы спортынан ұлттық орталықта алғаш рет көзі нашар көретін шаңғышылар жарысқа қатысады.

Бейжіңде ауа райының бірден жылынуына байланысты пара тау шаңғысы спортынан суперкомбинация дисциплинасы кейінге шегерілді.

Жарыстың үшінші күні Қазақстан құрамасынан ешкім өнер көрсетпейді. Қазақстандық спортшылар сейсенбі, 8 наурызда парабиатлонға (10 км) қатысады.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале