13.04.2022, 17:15
Оқылды: 560

Парамен ұсталды

11 сәуір күні Орал қалалық полиция басқармасы көші-қон (миграция) бөлімінің бастығы Қанат Мұқанов пара алды деген күдікпен ұсталды.

7BBFDFAA-7EBE-4D3E-8B70-AE9B749FCC0E

Подполковник Қанат Мұратұлы анықтаманы жедел түрде беру мақсатында 50 мың теңге көлемінде пара алу кезінде қолға түскен.

Облыс прокурорының аға көмекшісі Әсел Берқалиеваның мәлімдеуінше, пара алу дерегі бойынша қылмыстық кодекстің 366-бабы 1-1-бөлігімен қылмыстық іс тергелуде.

Жоғарыда аталған қылмысты жасағаны үшін Орал қалалық полиция басқармасы көші-қон бөлімінің бастығы ұсталды және УҰИ-ға (уақытша ұстау изоляторы) қамауға алынды. Облыс прокуратурасымен күдіктіге қатысты 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдау туралы қолдаухат келісілді, материалдар сотқа жолданды, – дейді Әсел Ержанқызы.

 Өз тілшіміз

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале