25.02.2022, 18:40
Оқылды: 219

Парламент Мәжілісінің депутаты өңірдің еңбек ұжымдарымен кездесті

Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Жамалов Аманжан мен Снежанна Имашева бірінші кезекте құрылыс материалдарын өндіру зауытына барып, кәсіпорын басшылығымен даму перспективалары мен ұйымның проблемалық мәселелерін талқылады. 

IMG-20220225-WA0017

Сапа бәрінен маңызды

IMG-20220225-WA0022

Кез – келген ғимараттың негізі - ол салынған құрылыс материалдары, ал өндірушілер тұтынушылық сұраныс үшін күресте құрылыс материалдарының сапасына көбірек көңіл бөле бастады. Қазақстанның батыс өңірінде құрылыс материалдары нарығында 15 жыл бойы көшбасшылардың бірі "Батыс Қазақстан Құрылыс Материалдарының Корпорациясы" АҚ болып табылады, оның қырық жылдан астам тарихы бар және құрылыста пайдаланылатын материалдарды (силикатты кірпіш, әк, құрғақ құрылыс қоспалары, қуысты бетон және т.б.) шығаруға маманданған республиканың құрылыс индустриясының ежелгі кәсіпорындарының бірі болып табылады.

IMG-20220225-WA0018

Осы жылдың үшінші тоқсанында зауытта құны 1,5 млрд теңге болатын силикат кірпішін шығаратын №1 цехқа жаңғырту жүргізу жоспарланып отыр. Болашақта мұнда жыл сайын 80 млн дана кірпіш шығарылады. Өткен жылы 50 млн силикат кірпіш шығарылды. Биылғы жылдың бірінші партиясында 9 млн дана кірпіш шығарылды, қазір нысанда 200 адам жұмыс істейді, жалпы корпорацияда 440 адам жұмыс істейді. Өнімдер ішкі нарықты толығымен қамтиды. Кәсіпорын директорының айтуынша, пандемия кезінде өнімді жеткізу кезінде бірқатар қиындықтар туындады.

IMG-20220225-WA0020

Зауыттың негізгі мәселелерінің бірі экологияға зиян келтірмей кірпіштің өнеркәсіптік өндірісінің көлемін ұлғайту болып табылады. Сондай-ақ, өндіріс көлемінің артуымен қосымша газ көлемі қажет ететіні анық. "ҚазТрансГазАймақ" жергілікті газ операторына жолданған ұсыныс оң нәтиже берген жоқ. Бұл мәселе зауыттың экологиялық тұрақтылығына әсер етуі мүмкін.

IMG-20220225-WA0019

Мәжіліс депутаты бұл мәселе Үкімет отырысында сөзсіз айтылатынын және орта және ірі кәсіпорындардың өнімділігі көлемін экологияға зиян келтірмей реттеу мәселесін көтеретінін атап өтті. Қорытындылай келе, кәсіпорынның барлық қызметкерлеріне құрылыс индустриясына қосқан елеулі үлесі үшін алғыс білдірді.

IMG-20220225-WA0021

10 күн ішінде Мәжіліс депутаттары - "Nur Otan" фракциясының мүшелері Аманжан Жамалов, Мәлік Құлшар және Снежанна Имашева облыстың барлық аудандарына барып, облыс тұрғындарымен 60-тан астам кездесу өткізді. Айта кету керек, барлық кездесулер санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, офлайн форматта өтті.

IMG-20220225-WA0023

Сондай-ақ, облыс орталығындағы азаматтарды қабылдау барысында Мәжіліс депутаттарына Батыс Қазақстан облысының 70-тен астам тұрғыны жолығып, бірнеше мәселелерді көтерді. Атап айтқанда, тұрғын үй, әлеуметтік қамсыздандыру, мүгедектікті ресімдеу, шағын және орта бизнес объектілерін заңнамалық қолдау, басқа мемлекеттердің (Ауғанстан, Таулы Қарабақ) аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлерін жеңілдіктермен қамтамасыз ету, тұтынушылардың құқықтарын қорғау және балалар үйінің түлектері үшін жалға берілетін тұрғын үй бөлу және т.б. Барлық сұрақтарға заңнамалық сипаттағы кеңестер берілді, олардың бір бөлігі депутаттардың жеке бақылауына алынды.

IMG-20220225-WA0063

«Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының баспасөз қызметі

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале