17.06.2022, 14:30
Оқылды: 178

Парламентке жаңа Су кодексінің жобасын жақын арада енгізу керек - Мәжіліс

Парламент Мәжілісіне жаңа Су кодексінің жобасын жақын арада енгізу керек. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

220617113527792e

«Еліміздің су саласын дамыту үшін бірнеше ұсынысым бар. Біріншіден, жақын арада Парламент Мәжілісіне жаңа Су кодексін енгізу керек. Мендегі ақпарат бойынша бұл Су кодексі министрлікте әзірленіп жатыр. Бұл құжатты біздің қараумызға тез арада енгізу маңызды. Ең бастысы, кодекс су ресурстарын сақтауға және оларды тиімді пайдалануға бағытталуға тиіс», - деді Е.Қошанов Мәжілістегі парламенттік тыңдау барысында.

Оның пайымынша, елді мекендерде сумен жабдықтау, су бұру жүйелерін пайдалану, жобалау, салу және реконструкциялау жөніндегі Бірыңғай оператор құру керек.

«Парламент, Үкімет, азаматтық қоғам, ғалымдар мен сарапшылар қоғамдастығы, кәсіпкерлер бірлесіп, сындарлы жұмыс істеген кезде ғана біз Мемлекет басшысының тапсырмаларын тиімді орындай аламыз. Бүгін Қазақстанның су саласын жетілдіру үшін нақты ұсыныстар әзірлеуге мүмкіндік беретін мазмұнды пікірталас болады деп ойлаймын.

Сіздердің барлық ұсыныстарыңыз мұқият талданып, зерделенеді. Бүгінгі парламенттік тыңдаудың қорытындысы депутаттар мен Үкімет бастамашы болатын бірқатар тақырыптық заң жобалар аясында талқыланбақ», - деді Мәжіліс төрағасы.

Бұдан бұрын хабарланғандай, жаңа Су кодексінің жобасы 2023 жылы Парламентке енгізіледі .

2040 жылға қарай Қазақстанда су тұтыну 46 пайызға артуы мүмкін.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале