28.08.2019, 19:04
Оқылды: 328

«Партия ақпараттық жұмыстың жаңа форматына көшу керек»

Бүгін Орал қаласындағы Достық үйінде «Nur Otan»партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.

nur otan (7)              

Оған облыс әкімі Ғали Есқалиев, партияның облыстық филиалының төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Мұқаев, қалалық және аудандық филиалдарының төрағалары, облыстық және жергілікті мәслихаттардағы «Nur Otan» партиясы фракцияларының мүшелері қатысты.

–Партия төрағасы, Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев еліміздегі жетекші партияның Тәуелсіздік жылдарында атқарған жұмыстарына оң бағасын беріп, оның барлығын халық көріп отырғанын айтты.

Нұр-Сұлтан қаласында өткен партияның Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында күн тәртібіне сәйкес партия бағдарламаларының орындалу барысы, партия жұмысын жаңғырту мен алдағы кезеңге арналған жұмыстың басым бағыттары қаралып, саяси кеңес бюросының құрамына өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды.

Кеңейтілген отырыста Елбасы «Nur Otan» партиясының жұмысын жаңғырту жөнінде сөз қозғап, партияның сайлауалды бағдарламасы мен сиездерде қабылданған шешімдерінің орындалу барысына тоқталды. Партия төрағасы 2018 жылы сайлау заңнамасы жетілдірілгенін, алдағы сайлаулар конституциялық мерзімде өтетінін және мәслихаттардың келесі сайлауы алғаш рет Мәжілістегідей партиялық тізім бойынша өтетіндігін мәлімдеді.

Партияның Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында партияның жетекшісі, Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев партиямыз «халыққа жақын болу» керектігін атап өтіп, «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам– «Nur Otan» партиясының 7 серпіні» атты партия бағдарламасының бағыттарын жариялады. Партияға жұмысын жаңғырту, тың бағыт сілтеу – бұл партия мүшелерінің санасы мен іс-әрекетіндегі түбегейлі өзгеріс, бұл өзекті мәселелерді шешу, әр адаммен тікелей сұхбаттасу, заманауи сұрақтар мен жауаптарға жауап беру. Қайта жүктеу бірнеше маңызды, әлеуметтік-саяси мәселелерді шешуді қажет етеді, мысалы, мұқтаж жандарды баспанамен қамтамасыз ету, жаңа жұмыс орындарын ашу және тағы басқалар.

nur otan (10)

Бағдарламада 7 негізгі бағыт қарастырылған. Біріншісі, Партияның ядролық электоратын топтастыру, БПҰ рөлін арттыру. Партияның аумақтық филиалдарының төрағалары партиялық ұйымдардың жұмысына белсенді азаматтық ұстанымы бар белсенділерді тарту керек. Біз тіпті сындарлы түрде қарсы тұрған азаматтарды өз қатарымызға тартуымыз керек. Өйткені олар қоғамның проблемаларына алаңдайды. Неге олармен мәселені бірігіп шешпеске?Партияның облыстық филиалы аумақтық филиалдардың төрағаларымен бірге партияның қолда бар кадрлық резервін қалыптастыруы қажет. Бастауыш партия ұйымдарындағы партияішілік сайлаудан өткен үміткерлерді мәслихатқа тартуға көңіл бөлу керек. Ол үміткерлер мұғалімдер мен дәрігерлер, шағын және орта бизнес иелерінен, жұмысшылар арасынан іріктелуі тиіс,

Елбасы қайта ретке келтірудің негізгі бағыттарында екінші басымдық ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті түбегейлі күшейту міндетін айқындады. Және бұл кездейсоқ емес. Тек біздің облыс бойынша соңғы екі жылда 187 сыбайлас жемқорлық қылмысы анықталды. Сыбайлас жемқорлық фактілерінің негізгі саласы құқық қорғау органдарының, жалпы мемлекеттік органдардың, оның ішінде әкімдіктер қызметкерлерінің арасында. Бүгінгі күні оқу орындарындағы пара, ақшалай сыйақы туралы мәселе өткір тұр.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі облыстық кеңес «Jas Otan» Жастар қанатымен бірлесе отырып, қоғамдық бақылау шеңберінде жүйелі негізде арнайы орта және жоғары оқу орындарының сыбайлас жемқорлық мәселелері бойынша мониторинг жүргізуін қарқынды түрде жалғастырулары қажет.

Үшіншіден, партияны қайта жүктеу бағдарламасы барлық деңгейдегі партия органдарының әлеуетін пайдалану міндетін қояды.Бүгінгі таңда заңнамаға сәйкес, мәслихаттар бюджетті, жергілікті даму бағдарламаларын бекітеді, бюджет қаражатының жұмсалуын бақылайды, әкімдерге сенімсіздік білдіруге құқылы. Жүйелік мәселелерді шешу үшін партияның парламенттік фракциялары заңнамалық бастаманы белсенді түрде жүзеге асырып, бюджет қаражатының жұмсалуын қатаң бақылауы керек. Шынын айту керек, аудандық, қалалық деңгейдегі парламенттік фракциялардың барлығы бірдей бұл мәселелерде белсенді емес және тиісінше нәтижесіз жұмыс істейді.Төртіншіден, биліктің барлық деңгейі бойынша партия алдындағы жауапкершілік күшеюі тиіс. Осы бағытта депутаттық фракция мен әкімдер тығыз байланыста болуы керек. Бос сөзбен емес, нақты іспен ғана сенімге ие бола аламыз. Партияның қатардағы мүшесінен бастап, билік басындағылар, әкімдер, депутаттар партиямен байланысын өмір салтымен және жұмыс нәтижелерімен, мінез-құлық игілігімен көрсетуге міндетті.Бесіншіден, «Ардагерлерді ардақтайық», «Бақытты отбасы», «Кедергісіз келешек», «Ауыл - ел бесігі», «Құтты мекен» партиялық жобаларды жандандыруға тиіспіз.

Қазіргі таңда атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтардың кедейлік деңгейінен шығару мақсатында кірістерін көбейту үшін көмек беруіміз қажет.

Ол үшін не істеуіміз керек? Орал және Ақсай қалаларынан шалғай орналасқан ауылдардағы тұрғындарға етті мал шаруашылығын дамытуымыздан бастауымыз қажет.

         Ол үшін әр ауданда атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтарға мал басын көбейтуге және азықпен қамтуға қолдау көрсететін жеңілдетілген тауарлық несие алу бағдарламасын әзірлеу қажет.

         Біздің міндетіміз - қоғамдағы масылдық көзқарасты болдырмау үшін өз еңбегімен табыс тапқысы келетін тұрғындарға мүмкіндік жасауымыз керек. Абай атамыз айтқандай: «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарының тіленбей». Аталған тапсырманың орындалуы бойынша аудандық филиал төрағалары, яғни аудан әкімдері үнемі есеп беріп отыратын болады. Осы бағытта атқарылған жұмыстардың нәтижесі бойынша қызметтеріңізді бағалайтын боламыз, оң көрсеткіш болмаған жағдайда шара қолданылады.

Біздерді алтыншы бағытты іске асыру бойынша үлкен жұмыс күтіп тұр. Ақпараттық-идеологиялық саясатты жүргізу міндеті қойылып отыр.

Бүгінгі таңда медиалық кеңістікте шындықты бұрмалайтын түрлі «жаңа» медиа саны өсіп келе жатқаны құпия емес. Жергілікті, елеусіз проблемалар республикалық деңгейге дейін ауқымда көрсетілуде. Осыған байланысты қоғамдық санада балама шындық қалыптасады. Осы орайда, жалған ақпарат таратып және жала жапқаны үшін заң жүзінде қатаң жауапкершілікке тартылу керек деп есептеймін. Бізге, партияластарымызға, өзіміздің ақпараттық стратегиямызды түбегейлі қайта қарауымыз қажет.

Бұқаралық ақпарат құралдарында да, әлеуметтік желілерде де белсенді жұмыс жүргізу қажет. Партияластар объективті және жедел ақпарат көзі болуы, адамдарда сенім тудыруы тиіс. «Nur Otan» партиясы бұқаралық ақпарат құралдар және әлеуметтік желілер арқылы түсіндіру жұмыстарымен белсенді түрде айналысып, қоғамды толғандырып жүрген өзекті мәселелердің шешілуін, халыққа берген уәделердің орындалуын мұқият қадағалау тиіс. Сонымен қатар ақпараттық жұмыстың жаңа форматына көшу керекпіз. Мәселен, әр партия мүшесі өз әлеуметтік желілеріндегі парақшаларында партияның жұмыстарын насихаттап, жағымсыз, жалған ақпараттарға лезде жауап беру керек.

Жетінші бағыт. Қазақстандық жастарды партия төңірегінде біріктіру. Жастар – еліміздің тірегі және болашағы. Жас буынның басты міндеті – елдің лайықты азаматы болу, бұл мемлекеттің нығаюына және жақсаруына көмектеседі. Бұл үшін біздің міндетіміз – нақты жағдай жасау, жастарды оқуға, жұмысқа, қоғамдық жұмыстарға, азаматтық белсенділікке ынталандыру. «Jas Otan» облыстың барлық жастарының шоғырлану орталығына айналуы керек. Қазір жастарға нақты жұмыс істейтін «әлеуметтік лифтілер» құру бойынша жұмыс жүргізіледі. Әсіресе ауыл жастары арасында жұмысты жандандыру, олардың туған жерге деген сүйіспеншілік сезімін ояту қажет. «Jas Otan» ауыл жастарын жұмысқа орналастыруға қатысуда алдыңғы сапта көрінуі керек, – деді «Nur Otan» партиясының БҚО филиалының төрағасы Ғали Есқалиев.

Жиында облыстық мәслихаттағы «Nur Otan»партиясы фракциясының мүшесі Фарид Бахтиозин, Теректі аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрхат Жанбоз, Ақжайық аудандық мәслихат дептутаты Біржан Кухаев сөз алып, партия мен халық арасындағы байланысты нығайтуға қатысты ойларымен бөлісті.

 

Нұртай Текебаев,

       zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале