15.04.2021, 17:02
Оқылды: 259

Партия филиалы жанынан 8 қоғамдық кеңес құрылды

Бүгін «Nur Otan» партиясы Орал қалалық филиалының төрағасы Абат Шыныбековтің төрағалығымен саяси кеңес бюросының отырысы өтті. Партияның сайлауалды бағдарламасының бағыттары бойынша қоғамдық кеңестердің төрағалары мен құрамдарын бекіту және «Nur Otan» партиясы Орал қалалық филиалының кезекті ХХІХ есеп-беру сайлау конференциясын шақыру және БПҰ есеп-беру сайлау кестесін бекіту туралы мәселелер қаралды.

2DE799A8-2CA8-42AE-97ED-628D67076893

«Nur Otan» партиясы Орал қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Кенесары Нуршинов 19-23 сәуір аралығында Орал қаласындағы 56 бастауыш партия ұйымы онлайн форматта өткізетін есептік жиналыстарының кестесін таныстырды. Орал қалалық филиалының есеп-беру конференциясын 29 сәуір күні онлайн өткізуге бюро мүшелері бір ауыздан қолдау білдірді. Партияның сайлауалды бағдарламасына сай сегіз қоғамдық кеңес құрылмақ. Яғни «Nur Otan» партиясы Орал қалалық филиалы жанынан жемқорлыққа қарсы әрекет ету жөніндегі қоғамдық кеңес, партиялық бақылау комиссиясы, ұлт денсаулығын дамыту, білім және ғылым жөніндегі қоғамдық кеңес, экономиканы дамыту және кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі қоғамдық кеңес, халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау, отбасы мәселелері, әйел және балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық кеңес, өңірлік даму жөніндегі кеңес, экологиялық кеңес және жастарды қолдау жөніндегі кеңес қызмет атқармақ. Қоғамдық кеңестердің төрағалары мен мүшелері таныстырылып, қаулы бекітілді.

 Нұртай Алтайұлы,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале