29.09.2022, 15:15
Оқылды: 120

Партияның басты «құжаты» белсенді талқылануда

Бүгін «AMANAT» партиясы Орал қалалық филиалының кезектен тыс XXХI конференциясы өтті. «AMANAT» партиясы Орал қалалық филиалының кезектен тыс XXХI конференциясына 90 делегат сайланып, оның 84-і қатысты. Сонымен қатар, конференция жұмысына партияның қалалық филиал жанындағы саяси кеңес мүшелері, қалалық мәслихат депутаттары, бастауыш партия ұйымы жетекшілері, партия ардагерлері мен белсенділері қатысты.

14

Күн тәртібінде «AMANAT» партиясының Саяси тұғырнамасының жобасын талқылау, AMANAT» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының конференциясына делегаттарды сайлау туралы мәселелер талқыланды.

Конференциясы төрағасы бірінші сұрақ бойынша сөз кезегі партия ардагері Ольга Исаеваға берілді.

16

Партия ардагерінің айтуынша, бұл тұғырнама партияның негізгі құжаты екені сөзсіз. Біз партияластар, өз кезегімізде бұл құжат негізінде адал жұмыс атқарып, нәтижелі қызмет атқаруымыз қажет» - деп атап өтті.

Келесі болып, жастар тарапынан «Жастар рухының» БҚОФ Төрағасы Архат Исламғали сөз сөйледі.

17

- «AMANAT» партиясы мемлекетшіл, білімді де саналы жастарымызға арқа сүйейді. Еліміздің 105 мың жас белсенділері топтасқан «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» Жастар қанаты партияның сенімді ізбасары болып табылады. Біздің қатарымызда елімізге, шетелге танымал жас дарындармен қоса, белсенді студент жастар, еріктілер көптеп саналады. Олар өздерінің болашағын туған Отанымен ғана байланыстырады. Партияның «Жастар рухы» қанаты өндірісте және қызмет көрсету саласында, қала мен ауылда еңбек етіп жүрген қазақстандық жастармен тұрақты жұмыс жүргізіп келеді. Біз белсенді азаматтық ұстанымы бар, жаңаша ойлайтын жастардың тың идеяларын әрқашан қолдаймыз. Біздің алдымызда түбегейлі саяси, экономикалық реформаларды табысты іске асыру, демократиялық қағидаларға негізделген жаңа, Әділетті Қазақстанды құру міндеті тұр. Біз, Жаңа Қазақстан жастары халқымыздың тарихын, тілін, салт-дәстүрін қастерлей отырып, бүгінгі дәуірдің талабына бейімделген, терең білімді, технологиялық жаңалықтарды еркін меңгерген, көшбасшылық, прагматикалық қасиеттерге ие, ХХI ғасырдың нағыз ұрпақтары болуы үшін еңбек ете береміз, - деп жалындаған сөзін жастарға арнады.

Жиында делегаттар арасынан да сөз сөйлегендер табылды. Солардың бірі Губашева Азима болды.

- Партияның жаңа Саяси тұғырнамасы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың елдің саяси жүйесін жаңғыртуға бағытталған негізгі реформалардан бастау алады. Бұл өзгерістер жаңа қазақстандық қоғамның талабынан туындаған қажеттіліктер болып табылады.

15

- Тұғырнамаға зер салсақ, біздің міндетіміз – Қазақстанның территориялық тұтастығы мен мызғымастығын сақтау, қауіпсіздігін күшейту, халықтың әл-ауқатын жақсарту, ұлтымыздың рухани болмысын жаңғыртып, қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін түпкілікті орнықтыру, ашық азаматтық қоғам қалыптастыру делінген.

- Кез келген ел өзінің келешегін өскелең ұрпағымен байланыстырады. Әлемде қарқынды саяси ахуалдың өзгеру көрінісі мен Қазақстанның жаңа дәуірге аяқ басуы жағдайында елдің ертеңі-жастарға ерекше мән беруіміз керек. Сан ғасырлық төл тарихты терең оқыту, мемлекеттік рәміздерді дәріптеу, бірыңғай ұлт тарихын нығайтатын киелі атаулы күндерді атап өту, мәдени мұраларды құрметтеу т.с. құндылықтарды ұрпақ бойына баулуда әрбіреуіміз бірлесе ат салысуымыз керек.

- Құрметті конференция делегаттары, партияластар! Тірегіміз – Тәуелсіздік, тілегіміз – Әділет, бағдарымыз – Бірлік! «AMANAT» партиясы – еліміздегі барлық жаңару мен жаңғырудың ұйытқысы бола берсін! – деп қорытындылады өз сөзін Азима Губашева.

Сондай-ақ, ХХІV Съезге қалалық филиалдан ұсынылған делегаттар тізімі бірауыздан мақұлданды.

AMANAT партиясы БҚОФ баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале