24.11.2022, 15:15
Оқылды: 49

«Педагогті қорғау» telegram чатының педагогтар арасында танымалдылығы артуда

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша Оқу-ағарту министрлігі құрған «Педагогті қорғау» telegram чатының педагогтар арасында танымалдылығы артуда.  Чат құрылған күннен бастап 10 күн ішінде оған 25 мыңнан астам адам қосылды. Осы уақыт ішінде мұғалімдерден 600-ден астам сұрақ пен өтініш түскен.

телеграм

Сұрақтардың басым бөлігі мұғалімдердің құқықтарының бұзылуына қатысты. Атап айтқанда, оларды міндетінен тыс жұмыстарға тарту, мұғалімдерден артық есеп талап ету. Сондай-ақ мұғалімдердің аттестациясына, санат беру, оқу жүктемесін бөлу және тағы басқаға қатысты сұрақтар да түсуде.

«Мемлекет басшысының қолдауымен елімізде алғаш рет мұғалімдердің құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған «Педагог мәртебесі туралы» заң қабылданды. Мұғалімдердің құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында Білім саласында сапасын қамтамасыз ету комитеті «Педагогті қорғау» Telegram-чатын іске қосты. Telegram-чатқа түскен барлық ақпарат тексеріледі. Мамандарымыз жедел түрде кері байланыс жасап, мұғалімдердің әрбір өтінішіне жауап береді және қажет болған жағдайда тиісті шараларды қабылдайды. Мұғалімдердің сұрақтары мен өтініштеріне дер кезінде жауап беру үшін арнайы жұмыс тобы құрылғанын атап өткім келеді. Оның құрамына комитеттің, білім саласында сапаны қамтамасыз ету аумақтық департаменттерінің және облыстық білім басқармаларының өкілдері бар. Telegram-чат мұғалімдердің құқықтарын бұзу фактілерін барынша азайтуға көмектесетініне сенеміз», - деді Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Ернұр Дәуенов.

Педагогтер чатқа  https://t.me/KOKSO_MP сілтемесі арқылы қосыла алады.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале