30.11.2021, 15:10
Оқылды: 43

Перуде шағын автобус жардан құлап, 10 адам қаза тапты

Перудің солтүстік-шығысында шағын автобус жардан құлап, апат салдарынан кем дегенде 10 адам қаза тапты, жеті адам зардап шекті. Бұл туралы дүйсенбі күні RPP радиостанциясы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

211130112139619e

Деректер бойынша, шағын автобус 300 метр биіктіктен құлаған. Аман қалғандар ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді. Автобус Чачапояс елді мекенінен Майобамба қаласына қарай бағыт алған. Полиция болған оқиғаның себептерін анықтап жатыр.

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале