27.09.2023, 14:45
Оқылды: 41

Петициялар институты азаматтардың сұраныстарына жауап беру жылдамдығын арттыруға мүмкіндік береді

Парламент Сенатының жалпы отырысында «Қоғамдық бақылау туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық бақылау, әкімшілік рәсімдерді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобалары қаралды. 

img-5182

Үкімет аталған актілерді Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың қоғамдық бақылауды күшейту саласына қатысты алға қойған міндеттерін орындауға құқықтық жағдайлар жасау мақсатында әзірледі.

Заң жобаларын әзірлеуге сарапшы-заңгерлер, құқық қорғаушылар, қоғам қайраткерлерінен құрылған жұмыс топтары қатысты.

Аталған заң жобалары елімізде қоғамдық бақылаудың тиімді жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Мәселен, заң жобасына сәйкес қоғамдық бақылауды жүзеге асыратын тұлғалардың, оның ішінде Қазақстан Республикасының азаматтары мен коммерциялық емес ұйымдардың ауқымы едәуір кеңейтілді.

Заң жобалары алғаш рет қоғамдық бақылаудың заңдылығы, жариялылығы, ашықтығы, еріктілігі мен тәуелсіздігі сынды бірқатар маңызды қағидаттарын белгілейді. Сонымен бірге қоғамдық бақылауға алынатын нысандардың тізбесі айтарлықтай кеңейіп келеді.

Петициялар институтын реттеуші заң жобасын қабылдау азаматтардың сұраныстарына жауап беру жылдамдығын, азаматтық қоғамның мемлекетті басқаруға қатысу деңгейін, сондай-ақ мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын арттыруға мүмкіндік береді.

Заң жобасы «петиция» ұғымын бекітуді, петицияны беру, қосу және қарау тәртібін реттеуді, петиция беріле алмайтын тақырыптардың тізбесін айқындауды және берілетін петицияға қойылатын талаптарды белгілеуді, петицияны заң деңгейінде міндетті түрде қараудың шекті мәндерін айқындауды (шешім қабылдау деңгейлері бойынша саралау – аудандық, облыстық және республикалық) көздейді.

Жалпы, бұл түзетулер қоғамдық бақылау саласын реттеудің нормативтік негізін тұжырымдамалық тұрғыдан жаңартуға мүмкіндік береді және қоғамдық бақылау саласындағы ұлттық заңнама мен құқық қолдану тәжірибесін одан әрі жетілдіруге ықпал етеді.

primeminister.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале