9.02.2024, 17:30
Оқылды: 39

Петр-Симон Паллас: «Қазақтар қауіпсіз халық»

ХVІІІ ғасырдың ең көрнекті натуралист-ғалымы Петр-Симон Паллас қазақтардың өмірі мен тұрмысы туралы қалам тартқан ғалымдардың бірі. Оның батылдығы мен ой өрісінің кеңдігі және ғылымның қай саласында болсын, тың жол ашуы замандастарын қызықтыратын еді.

ЖП этнофестиваль (3)

Көрнекі фото

Әсіресе, қазақтар мен қалмақтардың өмірі мен тұрмысы туралы жазғандары ғылымға қосқан үлкен жаңалық ретінде бағаланды.

Оның 1809 жылы жариялаған «Ресей империясының әр түрлі провинцияларына саяхат» атты материалдар жинағында: «Қырғыздардың Азияның басқа дала халықтарынан ерекшелігі - киіз үйлерде тұрады. Оны қалмақтардың киіз үйлерінен біршама айырмашылығы бар: қазақтың киіз үйлері қалмақтардікіне қарағанда кеңдеу, әрі таза болады. Бұл үйлерде 20 кісі еркін отырады.

Жалпы қалмақтарға қарағанда, қырғыздарда тазалықтың басым екенін байқауға болады. Халқының саны жағынан қырғыз елі қалмақтарға қарағанда әлдеқайда көп, ұланғайыр жерді, кең даланы мекендейді. Әрбір қырғыз өзін-өзі билейтін дербес мырза сияқты, сондықтан қырғыздар өзге жаулардай емес, ешкімге қауіпсіз», - деп жазады.

Зұлқожа Шарафутдинов,

zhaikpress.kz

(«Қазақтар». Энциклопедиялық анықтамалық. А. 2003 жыл)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале