29.06.2017, 17:22
Оқылды: 69

Полиция қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды

policia kagip ketti    Оралда екі жасар қызды автокөлігімен қағып кеткен полиция қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды.


    БҚО ІІД жергілікті полиция қызметінің басшысы, полиция полковнигі Манарбек Ғабдуллиннің айтуынша, 23 маусым күні кешкісін Зачаган кентіндегі Мұрат Мөңкеұлы атындағы көше 108/2-үйінің ауласында ойнап жүрген қызды көрші, еңбек демалысында жүрген учаскелік полиция инспекторының көмекшісі өзінің «Nissan Primera» жеке көлігімен абайсызда қағып кеткен.

   Қазіргі кезде полиция қызметкеріне қатысты ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес (абайсызда кісі өліміне соқтырған жол-көлік оқиғасын жасау) қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Аталмыш көлік арнайы тұраққа қойылып, сараптама тағайындалды. Істі облыстық ішкі істер департаменті жүргізуде.

  Еске сала кетейік, көлік қаққан қыз бала соның салдарынан көз жұмып, өткен жексенбі күні жерленген болатын.

Елжан Ералы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале